Ақтөбе облысында 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр

1079 просмотров
0
Ратель
Пятница, 09 Фев 2024, 13:30

Қазандықтың кезекші бөліміндегі операторлар облыс әкіміне мән-жайды түсіндіріп, жұмыс барысын айтып берді

Ақтөбе облысында 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімдігінің Telegram арнасынан мәлім болды.

Читайте также
Қазақстан қуаты күшті суперкомпьютер құруға кірісті

Ондағы мәліметтерге қарағанда, қалалық сүт зауыты шағын ауданындағы "Aqtobe Su Energy Group" АҚ №5 қазандығы арқылы №5 орта мектеп, емхана, балабақша, екі және бес қабатты үйлер, төрт пәтерлі жеке үйлер жылытылады.

Қазандықтың кезекші бөліміндегі операторлар облыс әкіміне мән-жайды түсіндіріп, жұмыс барысын айтып берді.

Қатты желдің кесірінен "Энергосистема" мекемесіне тиесілі желіден ақау шыққан. Соған қарамастан, №5 қазандыққа қарасты 38 нысанға жылу беру тоқтатылмаған, автоматты түрде дизель қосылып, үздіксіз, тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Қор жеткілікті.

Сондай-ақ, Асхат Шахаров "Алтын Орда-2" ықшамауданындағы "Энергосистема" ЖШС-нің электр жарығын тарату станциясына барды.

Мекеменің бас директоры Ержан Жексембиновтің сөзінше, тіршілік үшін маңызды қызметтер тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Соның ішінде су тазарту құрылыстары да бар. Сумен жабдықтау нысандарының жұмысын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында ол резервтік желіге қайта қосылған.

Сондай-ақ, ол облыс әкіміне жарық беру бойынша осы уақыттағы жағдай туралы баяндады.

24/7 режімінде Ақтөбе қаласы бойынша 12, ал жалпы облыста 35 бригада электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Мәртөк және Алға аудандарында бригадалар жұмыс істеп жатыр. Ал Ақтөбеде Қисық көл маңында, 41-разъезд, Кірпішті, Заречный-1, Геолог-4, Геолог-5, Геолог-6 аумағындағы, 312-ші атқыштар дивизиясы көшесі бойындағы үйлер мен бау-бақша ұжымдарына жарық берілді. Коммуналдық қызмет мүмкіндігінше жұмыс істеуде.

"Жедел түрде бірден шешім қабылдап, мәселелерді шешу керек. Саяжай, бау-бақша ұжымдарын теңгерімге алу мәселесі әлі де күн тәртібінде тұр. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мамандарымен ұсыныс дайындаңыздар", - деп атап өтті облыс әкімі Асхат Шахаров.

Фото: ktk.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай