Ақтөбеде мемлекеттік қызметші алаяқтық әрекетке барғаны үшін сотталды

1114 просмотров
0
Ратель
Суббота, 15 Июл 2023, 12:00

Іс Темір аудандық сотында қаралды

ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы алаяқтығы үшін сотталды.

Ол әріптестерінің жалақысы мен іссапарға бөлінген ақшаны жымқырып, мемлекеттік сатып алу келісімшартын заңсыз жасағаны үшін айыпталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Мемлекет басшысына Түркістан облысында 5 жасар қыз баланың өлтірілгені жөніндегі қайғылы оқиға туралы мәлімет берілді

Іс Темір аудандық сотында қаралды. Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманына Қылмыстық кодекстің "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2020 жылдың сәуірінен 2022 жылдың қазан айы аралығында дейін мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген адамға теңестiрiлген. Сөйтіп Ақсай ауылдық округі әкімінің электронды-цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, әкімдік қызметкерлерінің жалақысына және іс-сапарына бөлінген 3, 2 млн теңгені жымқырған. Одан әрі 2022 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында Ақсай ауылдық округі әкімінің аппараты мен жеке серіктестік арасында 27, жеке кәсіпкермен 4 мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттарды жасайды. Шығын - 11,5 млн теңге. Бәрін қоса есептегенде мемлекетке 14,7 теңге залал келтірген.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады. Прокурор сотталушыға 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

"Соттың үкімімен мемлекеттік қызметкер кінәлі деп танылып, оған белгілі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 4 жыл мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны өтеу орны болып қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесі тағайындалды. Сотталушыдан мемлекет пайдасына 14 787 517 теңге шығын өндірілді", - деп хабарлады Темір аудандық сотының баспасөз қызметі.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкер жол берген заң бұзушылыққа Темір аудандық әкімінің назарын аударуға жекеше қаулы шығарылды.

Фото: sud.gov.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд