Атырау облысы мұнай мен газды терең өңдейтін орталыққа айналуға тиіс - Тоқаев

1763 просмотров
0
Ратель
Вторник, 08 Ноя 2022, 12:45

Президент жұмыс сапарымен Атырау облысында жүр

Атырау аймағының экономикасын әртараптандыру қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысы жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Читайте также
АҚШ Қазақстанға гуманитарлық көмек ретінде COVID-19 вакцинасын бермек

Кездесудің басында президент Атырау өңірінен шыққан тарихи тұлғаларға тоқталып кетті.

"Атырау алқабы – табиғи байлығымен қатар тарихи мұраларымен де танымал өлке. Өңірде мыңдаған жыл бойы озық өркениеттер болған. Бұл жерден табылған "Алтын адам" – соның бір айғағы. Көненің көзіндей Сарайшықта атақты хандарымыз ордасын тіккен. Шаһар кезінде ең ірі және ең дамыған қалалардың бірі болғаны баршаға мәлім.

Иманқара үңгірі, Ақмешіт қорымы және басқа да тарихи орындар қазақтың сан қилы шежіресінен хабар береді. Осы аймақтан Исатай мен Махамбеттей батырлар, Мұрат пен Шернияздай ақындар шыққан. Бұл өлке қазақ руханиятында орны бар ақын-жазушыларымен, зиялы азаматтарымен танымал. Әнұранымыздың авторы Жұмекен Нәжімеденов – осы өңірдің тумасы. Сонымен қатар, Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Зейнолла Қабдолов, Фариза Оңғарсынова, Қаршыға Ахмедияров, Рақымжан Отарбаев және басқа да біртуар тұлғаларды атап өтуге болады.

Бүгін арамызда Қазақстанның Еңбек Ері Илья Жақанов ағамыз бар. Бәріміз бұл аса көрнекті композитор, жазушы, өнертанушы тұлғаны мақтан тұтамыз. Қаймағы бұзылмаған қазақтың байырғы мекені қай жағынан алып қарасақ та, қарқынды дамып келе жатыр. Біз мемлекеттік саясатта«Қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатын ұстанамыз", деді Қазақстан президенті.

Мемлекет басшысы аймақтың экономикасын әртараптандыру қажет екенін айтты.

"Аймақтың экономикасын әртараптандыру қажет. Атырау облысы мұнай мен газды терең өңдейтін орталыққа айналуға тиіс. Полипропилен өндіретін кешеннің іске қосылуы – осы бағыттағы маңызды қадам. Аймақта мұнай-химия кластерін құрудың бірінші кезеңі осылай жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан көмірсутегі шикізатының қоры ең көп жиырма мемлекеттің қатарына кіреді. Соған қарамастан, еліміз мұнай-химия өнімдерінің 95 пайызына жуығын импорттап отыр. Бұл – дұрыс емес. Біз ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете аламыз. Тіпті, сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік бар. Мұнай-химия кәсіпорындары инвестиция салуға өте қолайлы. Әлемде олардың өніміне сұраныс жоғары және бұл сұраныс арта береді. Сондықтан, осы облыста«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Онда жұмыс істейтін компанияларға салық және кеден жеңілдіктері беріледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: t.me/bort_01.

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
Meta заплатит до $17,1 млрд по делу о безопасности детей, катастрофа в Непале и пёс над вулканом
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай