Атырау облысында Каспий жағалауында тағы қамыс өртеніп жатыр

909 просмотров
0
Ратель
Пятница, 07 Июл 2023, 12:30

Төтенше жағдайлар департаментінде өрт ошағының нақты аумағын арнайы техникалармен анықтау мүмкін емес деді

Атырау облысында Каспий жағалауында тағы қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
ШҚО-да ормандағы өртпен күрес жалғасуда, тікұшақпен 120 рет су төгілді

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Асқат Ержановтың мәліметінше, Каспий теңізінің жағалауында қамыс жанып жатыр.

- Қамыс өрті Атырау қаласындағы Кеңөзек ауылдық округінен 30 шақырым қашықтықта тіркелді. Кеше, 6 шілдеде кешкі сағат 20:00 де өртті анықтау және бақылау үшін №13 өрт сөндіру бөлімінен 4 қызметкер, 1 техника, №4 өрт сөндіру бөлімінен 1 қызметкер, 1 техника, ал, жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен 7 қызметкер жіберілді, - деп хабарлады деп хабарлады Асқат Ержанов.

Оның айтуынша, өрт ошағының нақты аумағын арнайы техникалармен анықтау мүмкін емес. Бүгін, 7 шілдеде Каспий теңізінің жағалауындағы өртті сөндіруге тікұшақ жіберу көзделіп отыр.

Еске сала кетелік,бұдан бұрын Каспий жағалауында жанған қамыс түтіні Атырауды басып қалғанын хабарланған.

Кейін Каспий жағалауында 5 күн жанған қамыс өрті сөндірілген.

"Қазақстан ғарыш сапары" космомониторингінің қорытындысына сәйкес "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы өрттің жалпы ауданы 1 200 гектарды құраған.

"Каспий жағалауындағы батпақты, сулы жерде 2 сәуірде қамыс өрті тұтанды. Бұл – Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтағы аумақ. Жалыннан флора мен фауна зардап шеккен жоқ. Өйткені, құстардың ұя салу кезеңі әлі басталмаған", - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд