Атырау облысында көкөніс жылдағыдан ерте пісті

1391 просмотров
0
Ратель
Суббота, 01 Июл 2023, 15:00

Жалпы, негізінен көкөністер мен бақша дақылдары өсірілетін Махамбет ауданында 120-дан астам шаруа және қосалқы шаруа қожалығы бар

Биыл Атырау облысында көкөністер мен бақша өнімдері жылдағыдан екі апта ерте пісті. Көптеген шаруашылық көкөніс жинауға кіріскен. Бұған облыстағы қолайлы ауа райы себеп болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Астанада мыңнан астам отбасы Құрбан айт мерекесіне орай Qazaq Oil компаниясынан азық-түлік жиынтығын алды

"Бүгінде тәтті бұрыш, орамжапырақ, қияр және қызылшаның алғашқы өнімі жиналды. Бұл жергілікті нарықтағы көкөніс бағасын реттеуге және импорттық өнім көлемін шектеуге мүмкіндік береді. Көкөністер көктемнің жылы болуына байланысты ерте пісті. Биыл сәуір айының ортасында ектік. Көкөністерден басқа, қауын, қарбыз да пісіп қалды, содан кейін ерте пісетін картоп сорттары келеді. Картопты шілде айынан бастап жинауды жоспарлап отырмыз", – деді "Дастан" шаруа қожалығының агрономы Бахадүр Саитов.

Оның айтуынша, көктемнің басында 160 га жерге 12 түрлі дәнді дақыл егілді. Жалпы, негізінен көкөністер мен бақша дақылдары өсірілетін Махамбет ауданында 120-дан астам шаруа және қосалқы шаруа қожалығы бар. Осы жылы олар 4 800 га жерге егін еккен. Жасыратыны жоқ, аймақтағы климаттық жағдайды ескерсек, егіншілікпен айналысу оңай емес. Бұдан басқа, суару тек механикалық жолмен жүзеге асырылады. Бұл ретте суға жұмсалатын шығынның 85 пайызын мемлекет субсидиялайды.

"Мемлекет тарапынан инвестициялық субсидия беріледі. Атап айтқанда, суару, тамшылатып суару технологияларын орнату, гербицидтер, тұқымдар мен тыңайтқыштар сатып алу шығындары өтеледі. 23 шаруа қожалығына 135 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидия берілді", - деді Махамбет аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Азат Қапанов.

Қазір 40 тоннаға жуық өнім жиналды. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және егін жинау үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағамен 800 тонна дизель отыны бөлінді. Бұл шаруалар шығынын азайтуға және жергілікті ауылшаруашылық өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған.

Фото: flowers.vdnh.ru.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд