Қазақ киносы алғаш рет Африкада көрсетілді

1468 просмотров
0
Ратель
Пятница, 03 Фев 2023, 12:30

"Нартай" фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды

Камерун астанасы Яундеде YARHA Festival халықаралық кинофестивалі өтті, іс-шара аясында қазақ киносының арнайы көрсетілімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Шымкентте қылмыстық топтар төбелесіп, атыспақ болған

Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының көмегімен түсірілген "Нартай" фильмі фестивальдің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысып, төрт жүлдеге ие болды және үздік көркем фильм атанды.

Сонымен қатар фестиваль бағдарламасында басқа да отандық картиналар көрсетілді.

"Мен сіздің елде түсірілген көркем фильмін алғаш рет көріп отырмын, бұған дейін тек деректі фильмдерді тамашалаған едім. Кино маманы басқа елден келген кәсіпқойдың жұмысын көргенде, ең алдымен кино тілін түсінуге тырысады. Бұл фильмде ол ерекше, керемет. Бұл фильмдерді көргенде кино тілінде жеткізілген белгілі бір оқиғаға тап боламыз және мені баураған дәл сол сезім", - дейді шара қонақтарының бірі, режиссер, Канн кинофестивалінің қатысушысы Мусса Туре.

Африкалық көрермен қазақ киносының деңгейін жоғары бағалады, ал индустрия мамандары серіктестік орнатуды ұсынды.

- YARHA фестивалімен серіктестік келесі жылы да жалғасады деп үміттенемін, бұл Қазақстанның оң имиджін ілгерілетуге өз үлесін қосатынына сенімдімін. Мәдени дипломатия жалғасуы керек. Біз қазақстандық картиналардың Марокко, Тунис, Сенегал және Конго елдерінде көрсетілгенін қалаймыз, - деп атап өтті Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығының президенті Андрэ Иванов.

Камерундағы отандық фильмдердің көрсетілімін Франциядағы қазақстандық кино қауымдастығы ұйымдастырды.

Бұл - Африкадағы алғашқы осындай ауқымды шара.

Фото: Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд