"Қазақфильм" шулап жатыр: бір жыл бойы жалақы төлемепті

992 просмотров
0
Ратель
Среда, 17 Июл 2024, 13:30

Басшылық "Алтын адам" жобасы бойынша 88 млн теңге қарызы барын растады

16 шілдеде "Қазақфильм" киностудиясының мультфильм жасаушылары наразылыққа шықты. Олар бір жылдан бері еңбекақы алмаған.

Олардың айтуынша, бүгінде басшылықтың 500 млн теңгеге жуық берешегі бар екен. KTK телеарнасының ақпаратынша, берешегі көбейген басшылық кейін келе анимация бөлімін жауып тастаған, дейді aikyn.kz.

"Мәселен "Алтын адам" жобасында былтыр тамыз айынан бері біздің ұжым – суретшілер, аниматорлар еңбекақысын ала алмай келе жатыр. Мұнда 5 миллионнан бастап, 3 миллионға дейін жұмыс істеген маман бар. Сыртта жұмыс істемейміз. Еңбекақымызды берсін. Бұл жерде бәрімізде келісімшарт бар. Заңды түрде істегенбіз. Бір тиынымызды қалдырмай төлесін", - дейді анимация бөлімінің қызметкері Жанәділ БАЙДАРБЕКОВ.

Читайте также
Енді "креативно жейік" дедіңдер ме

Аниматорлардың қара терге батып бірнеше жыл бойы істеген туындыларының бірі – "Алтын адам" атты толықметражды мульт жобасы былтыр толық аяқталыпты. Бірақ мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген. Еңбекақысын күте-күте қарызға белшесінен батқан олар бұл былықты басшылықтың ұйымдастырып отырғанына сенімді.

"Түрме сияқты. Темір тормен қоршалған бәрі. Кеше сақшылары келіп, мына жастарды қуып шығып, неше түрлі жала жауып, анимацияны жауып қойып, түрмедегідей "шмон" жасап жатыр. Бұл бандиттік шабуыл деп бағалау керек. Азамат САТЫБАЛДЫНЫҢ өзі рөлді ойнап жүр. Бірақ кімнің рөлін ойнап жүргенін білмейді. Қазір Азамат Сатыбалдыны,"Қазақфильмнің" президентін тура осы жерге шақырып, жауап беруін талап етеміз", - дейді анимация бөлімінің редакторы Ерлан ТӨЛЕУТАЙ.

Осы жағдайға байланысты киностудия басшылығы Азамат Сатыбалды қызметкерлермен кездеспеді. Оның орнына орынбасары келіп, "Алтын адам" жобасы бойынша 88 миллион теңге қарызы бар екенін растады. Алайда жобаны тапсырыс берушілер қабылдамаған.

"Негізі "Алтын адам" жобасы бойынша жағдай былай. Бізде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығымен келісімшарт болды. Олар мультфильмге 2020 жылы тапсырыс берген. Біз туындыны 100 пайыз жасап жібердік. Бірақ тапсырыс беруші қабылдамады. Қазір осыған қатысты сот ісі жүріп жатыр", - деді  "Қазақфильм" киностудиясының вице-президенті Айдар ОМАРОВ.

Ал толықметраж мультипликация жобасына тапсырыс беріп, кейін қабылдамай қойған Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы бұған жауап беруден бас тартқан.

Фото: mtrk.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента