Қазақстан ғалымдары 10 жылда екі-ақ дәрі ойлап тапты

1480 просмотров
0
Ратель
Пятница, 06 Июн 2025, 13:00

Оған қазынадан 5 млрд теңгеге жуық ақша бөлінген

Соңғы он жылда отандық ғалымдар небәрі екі-ақ дәрі ойлап тауыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бірі – кәдімгі қарапайым қолданыстағы йод, екіншісі де калий йодиді екен. Оның өзінде қазынадан 5 млрд-қа жуық ақша бөлінген бұл ем-дом заттарының біреуі де формулярға енгізілмеген, яғни қолданыста емес.

Читайте также
Қазақстандық дәрігерлер жаппай шетелге кетіп жатыр

- Дәріні тіркеу үшін, өте күрделі бюрократиялық рәсімдерден өту керек. Әрине мұндай қиындықтардан өту, тек алпауыт фармацевтикалық компаниялар және қымбат препараттар үшін мүмкін. Нәтижесінде, арзан, бірақ науқастар үшін ауадай қажет дәрілер тіркелмей қалады. Өйткені ол үшін жүгіретін ынта да жоқ, қызығушылық та жоқ, - деді Мәжіліс депутаты Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Фармацевтика саласындағы бар былықты депутаттар алдына жайып салған Жоғары аудиторлық палата саланың әбден қожырағанын айтты. 45 мың пациент дертіне дауа болатын дәрісін таппай сандалып қалған. Барлығына себеп - қажетті препараттар қоймаларда шіріп, өмірлік маңызы бар дәрілер жетер жеріне жетпеген. Осылайша 21 млрд теңге ысырап болып, саланың берекесі кетіпті. Ал бұған жол бергендер тек жұмысынан шығарылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Сондықтан депутаттар жазадан оңай сытылып кеткендердің атын атап, түсін түстеп, құзырлы органдарға қайта табыстауды ұсынды.

- Мәселен 2024 жылы еліміздегі мына нарықта бар дәрі-дәрмектің 84 пайызы шетелдік өнім екені белгілі болды. Қала берді мына соңғы 5 жылда біздің шетелдерден сатып алған дәрі-дәрмекке жұмсағанымыз 1, млрд доллардан 1,7 млрд долларға дейін жетті. Ал өзіміз білеміз мемлекет басшысы отандық дәрі-дәрмектің үлесі елу пайыз болу керек деді. Бұған қалай жетпек екені түсініксіз, - деді Мәжіліс депутаты Нартай СӘРСЕНҒАЛИЕВ.

Фото: wikimedia.org.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана