Қазақстан мен Германия президенттері келіссөз жүргізді

849 просмотров
0
Ратель
Вторник, 20 Июн 2023, 13:00

Оған дейін Ақорда резиденциясында ресми қарсы алу рәсімі болды

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды президенті Франк-Вальтер ШТАЙНМАЙЕРМЕН келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Содан кейін екі ел басшылары Шығыс залында келіссөз жүргізді.

Президенттер қазақ-герман стратегиялық серіктестігінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады. Саяси диалогты нығайтуға, сауда, экономика, инвестиция,  энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту аясында өзара іс-әрекетті жандандыру, мұнай және газ, жасыл энергетика, өнеркәсіп салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту маңызды екені атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Келіссөздер достық рухында өтті және конструктивті әрі мазмұнды болды. Екіжақты экономикалық күн тәртібінің бірқатар бағыты бойынша ынтымақтастықты арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөздерді екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда жалғастырды.

Фото: Ақорда. 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд