Қазақстан мен Өзбекстанды жаңа теміржол байланыстыратын болады

1084 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 27 Ноя 2023, 13:00

Жалпы жыл басынан Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының көлемі 25,8 млн тоннаны құрады

Түркістан облысында ұзындығы 152 км болатын Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ телекөпір режимінде жұмыстарды ресми түрде бастап берді. Кazinform бұл туралы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ірі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ тапсырмасы бойынша іске асып жатыр және республиканың көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған. Оның аясында қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы жаңа өткізу бекеті ашылады.

Жалпы жыл басынан Қазақстан мен Өзбекстан арасында жүк тасымалының көлемі 25,8 млн тоннаны құрады. Негізгі жүк ағыны бүгінде өткізу мүмкіндіктерін толығымен пайдаланып отырған “Сарыағаш” мемлекетаралық торап станциясы арқылы өтеді.

Жаңа т/ж желісін салу қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүктерді жаңа тармаққа қайта бағдарлауға, "Сарыағаш" станциясының жүктемесін азайтуға және жалпы Өзбекстан бағытында экспорттық тасымалдарды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа жоба Түркістан облысының республиканың негізгі теміржол желісімен қосылуы есебінен оның дамуына ықпал ететін болады.

Премьер-министр өз сөзінде бүгін Қазақстанда тағы бір маңызды оқиға болып жатқанын атап өтті.

- Теміржол – мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік өмірінің дамуын қамтамасыз ететін болат артериялар. Өткен жылы теміржолдармен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы ең жоғары жүк көлемі тасымалданып, ол 245 млрд тонна-километрді құрады. Мұндай қарқындар геосаяси жағдайларға және инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан биыл да сақталып отыр, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша осы жылдың соңына дейін Өзбекстанның қатысуымен жүктерді тасымалдау көлемі шамамен 31 млн тоннаны құрайды деп болжануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға артық.

- Осы учаскенің өткізу қабілетін кеңейту, сондай-ақ еліміздің экспорттық және транзиттік әлеуетін арттыру үшін ірі теміржол жобасы – Дарбаза – Мақтаарал жаңа желісін салуды бастаймыз, — деді премьер-министр.

Жоба екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең “Сырдария” станциясына шығатын Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы – Ердаут – Мақтаарал желісін салуды көздейді.

Екінші кезеңде Жетісай – Өзбекстанның мемлекеттік шекарасы тармағын пайдалануға беру көзделген. Барлығы 152 км теміржол төсемі салынады. Жоба үшін 19,7 мың тонна рельс, сондай-ақ 280 мың темірбетон шпал мен рельс бекіткіш сатып алу жоспарланып отыр.

Жаңа теміржол құрылысы 3 400 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жобадағы қазақстандық қамту үлесі 85% құрайды.

Теміржол төсемінің бірінші буынын төсегеннен кейін премьер-министр рәсімге қатысушыларды жұмыстың басталуымен құттықтап, жобаны белгіленген мерзімде сапалы түрде іске асыру қажеттігін атап өтті.

“ҚТЖ” ҰК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат ӘЛМАҒАМБЕТОВ Дарбаза – Мақтаарал желісі Түркістан облысының шалғайда орналасқан Мақтаарал және Жетісай аудандарын Қазақстанның қалған бөлігімен байланыстыратынын атап өтті.

- 9 станция салынады. Бұл теміржол Қазақстаннан осы аудандарға және сол аудандардан Қазақстанға жүктердің тікелей жіберілуін қамтамасыз етеді. Себебі қазір олар Өзбекстанмен шекарадан өтуге мәжбүр. Бұл осы аудандардың дамуына әсер етеді. Құрылыстан кейін олар жаңа серпін алады, — деді ол.

Қанат Әлмағамбетовтың айтуынша, Қазақстанның транзиттік әлеуеті де айтарлықтай артпақ.

- Ауғанстан, Иран, Тәжікстан және Өзбекстанға келетін жүктер осы жолмен тезірек өтеді. Оған қоса Сарыағаш – Ташкент учаскесіндегі кептеліс азаяды. Соңғы жылдары жүк көлемі көп болды. Осы орайда олардың біразы уақытында берілмей жатады, себебі бұл буын мұндай жүк көлеміне арналмаған. Соңғы екі-үш жылда жүктеме күрт өскен. Құрылыс осы негізгі учаскенің жүктемесін азайтуға және жолаушылар пойыздарын басқаруға көмектеседі, — деді Қ. Әлмағамбетов.

Сонымен қатар “ҚТЖ” ҰК” АҚ басқарма төрағасының орынбасары қазіргі уақытта Пәкістан арқылы Үндістанға теміржол құрылысы талқыланып жатқанын мәлімдеді. Дарбаза-Мақтаарал желісін іске қосу Қазақстанның осы стратегиялық бағытты дамытуға қосқан елеулі үлесі болмақ.

- Біз жүк ағыны қосымша 10-14 млн тоннаға артады деп болжап отырмыз. Ал болашақта 20-25 млн тоннаға дейін өсуі мүмкін. Бұл учаске Ташкент торабын айналып өтіп, жүктерді екі бағытта да тезірек тасымалдайтын болады, — деп түйіндеді Қанат Әлмағамбетов.

Айта кету керек, Қазақстанның көлік-транзиттік әлеуетін одан әрі кеңейту аясында Үкімет теміржол инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, Достық – Мойынты учаскесінде екінші жол және Алматы айналма жаңа теміржол құрылысы жүріп жатыр. Жақын арада Қытаймен үшінші халықаралық торапқа шығатын Бақты – Аягөз жаңа т/ж желісі бойынша жұмыстарды бастау жоспарланып отыр. Барлығы үш жыл ішінде республикада 1 300 шақырымнан астам теміржол салынады.

Фотоprimeminister.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ СВОИМ МНЕНИЕМ И ОБСУДИТЬ СТАТЬЮ ВЫ МОЖЕТЕ НА НАШЕМ КАНАЛЕ В TELEGRAM!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




журналист
Марафондарыңды… Сендер айдалаға барып жүгіріңдерші. Көше жауып, пробка жасамай.
Сможет ли Трамп заставить казахские власти суетиться
Тарифная война - это так плохо, что даже и хорошо
От публикации на Ratel.kz до отказа от закупки георгиевских лент ко Дню Победы прошло всего несколько часов
Как научить отечественных чиновников отличать казахстанский патриотизм от российского
Как Жакип Асанов поспособствовал беспределу МФО
Почему нужно допросить сенатора в ходе расследования мошенничества микрофинансовых организаций
Всё, что вы хотели узнать о "КазМунайгазе", но не знали где
О зарплатах топ-менеджеров, судебных исках и цене на нефть
Отношение власти к обществу в Казахстане
Подавление свободы слова и оппозиции уменьшает шансы на успешное долгосрочное развитие страны
Вести с тарифного фронта: Китай наступил на 100-летние "грабли Америки"
Страна стремится помочь экспортёрам перенаправить продажи на внутренний рынок , что может привести её к более глубокой дефляции
Кошкарата – золотой ключик города Шымкента
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Алма-Ата и Алматы. Нескучные документы
Как мы ходили на экскурсию в городской архив
АО “Самрук-Энерго” не сошлось в показаниях с ООО “Интер РАО”
Строительство трёх ТЭЦ в Казахстане и энергоблока на ГРЭС-2 россиянами буксует, но минэнерго отдаст им АНПЗ?
Казахстанская энергетика: перезимовали… Что дальше
В южных регионах Казахстана уже в первой половине апреля отключили отопление
Вымогатель требовал миллион с "заказчика" убийства, обещая рассказать всё полиции
В итоге миллион взыскали с самого вымогателя
Усть-Каменогорская ГЭС закупает внедорожник за 62 млн на фоне повышения цен на электроэнергию для потребителей
Похоже, подведомственная организация АО "Самрук-Казына" больше не стремится снизить эксплуатационные расходы и выбросы СО₂
Как акимат Караганды обошёл законы ради BI Group
Администрация Булекпаева не смогла подавить негатив в свой адрес, половина города ненавидит чиновников
В СКО осталось всего два ветерана Великой Отечественной войны
Накануне праздника не стало старшей представительницы поколения победителей
В Сарыозеке горит полигон. Власти сняли ролик, как его тушат ночью
При этом авторы видео странным образом охарактеризовали тех, кто пожаловался на пожар
Акимат Алматы снова отбирает землю у ЖК “Ак Бота”
Новый сервитут появился прямо в ходе судебных разбирательств
В Жетысайском районе при пожаре на АЗС JOL YRYSY двое мужчин получили смертельные ожоги
Виновными признаны водитель автомобиля автоцистерны и управляющий директор ТОО
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента
Исповедь молодого сантехника и молодого акима. Часть 1
- ВЛАДИМИР, огромное Вам человеческое спасибо от всей души и чистого сердца, самое главное здоровья и ещё раз здоровья. На таких людях как Вы, города и держатся. Профессионалов как Вы, необходимо ставить руководителями, которые знают проблему из внутри. Ещё раз ОГРОМНОЕ СПАСИБО!!!!!!!
Когда правительство возьмётся за яйца
- Просто шедевральная статья. Особенно в точности описывает функции партий, которые описаны в данной статье. Изречения которые должны быть прочитаны и приняты во внимание. Самое главное чтобы данный ежедневник был прочитан и принят во внимание. (Про выражение где фигурирует Троцкий просто ШЕДЕВРАЛЬНО и в точку)...
Отчего после публикаций Ratel.kz нервничают в ТОО "AB Energo"
- Сергей, ОГРОМНОЕ Вам спасибо за новое расследование. Всегда держите в напряжение. Ожидаем продолжение... (Интересно, что скажет ещё на это и ГУ "Аппарат акима Абайского района Карагандинской области)
Премьер Смаилов как аманат Назарбаева
- Спасибо большое , здоровье и удачи Вам и Вашим близким, то что Вы творите лучше всех государственных программ по воспитанию . Готовая программа к действию для улучшения жизни населения. Огромное удовольствие что у нас имеется такие журналисты и такой коллектив.
Депутатский запрос фракции "Ак жол": чем комитет гражданской авиации занимался пять лет
- Если случится ещё трагедия , то кого будут винить опять? Всех собак спустили на авиакомпанию Bek Air, хотя надо было просто решать проблему с незаконными постройками намного раньше этой катастрофы. Нельзя это так оставлять. Всех пересажать за коррупцию , кто являлся корнем проблемы!
Все дороги ведут в Каражал: горькая начинка "сладкого пирожочка"
- Огромное спасибо автору за проделанную работу! Только в нашей группе более 100 человек постравших от этой компании в лице гендиректора Максата Токмагамбетова, бессовестного, наглого мошенника, который почему-то до сих пор остаётся безнаказанным, хотя прокуратура и следственные органы завалены сотнями, сотнями заявлений пострадавших. Но мы не остановимся и будем добиваться, чтобы этот "человек", наконец-то, понёс наказание!
Как аким Досаев уничтожает Алматы и рейтинги президента Токаева
- Каменское плато- в р-не обсерватории идет застройка, хотя весной сошел оползень на ул Алмалыкской. Акимат частично помог организовав сброс воды с вышележащего участка на нижнюю часть улицы и домовладельцу в расчистке. Но других мер по предотвращению развития оползневой зоны не принято. Вырублен сад, на месте его строится элитный комплекс Вилла Белгравиа. Летом, здесь нехватка воды, отключения электроэнергии, что будет при вводе в эксплуатацию этого, т.к.доп коммуникаций застройщик не делает.