Қазақстан Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдауды жандандыруда

1708 просмотров
0
Ратель
Вторник, 12 Апр 2022, 10:30

Үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуропаға баламалы бағыттар бойынша тасымалдаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырған

Грузия, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан арасындағы Middle Corridor бірлескен кәсіпорны әзірлену үстінде. Ол 2023 жылдың басында немесе ортасында ресми түрде дайын болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат RailFreight.com-ға сілтеме жасап.

Читайте также
Қазақстанда 118 мың тонна ұн қоры бар

Бұл туралы Транскаспий халықаралық көлік жолы қауымдастығының (ТХКҚ) бас хатшысы Гайдар Әбдікәрімов мәлімдеді.

"Бірлескен кәсіпорын ресми түрде құрылуда, бірақ кем дегенде жылдың соңына дейін күтуіміз керек. Компания 2023 жылдың басында-ортасында ресми түрде жұмыс істей бастайды", - деді TХКҚ бас хатшысы. Оның айтуынша, мұндай бірлескен кәсіпорын жүк тиеу процестерін жеңілдетіп, түрлі елдер мен жолдар арқылы өтуді бірқалыпты ететін Орта дәліз (Middle Corridor) құндылығын арттырады.

Бұған дейін, 31 наурызда төрт мемлекет – Грузия, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан дәліз бойында орналасқан елдердің ынтымақтастықты нығайтуға және транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту туралы төртжақты мәлімдемеге қол қойған болатын.

Мәлімдемеде бағдар бойындағы елдер арасында ынтымақтастық пен Транскаспий көлік дәлізін халықаралық көлік жүйесіне біріктіру үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция құю маңыздылығы атап өтілген.

Басым бағыттардың бірі – Баку-Тбилиси-Карс (БТК) теміржол желісінің еуразиялық тасымалдардағы бәсекелестік артықшылығын арттыру және осы жолдың өткізу қабілетін жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыруды жеделдету.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысы барысында ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуропаға баламалы бағыттар бойынша тасымалдаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырған.

Фото: casp-geo.ru.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд