Қазақстанда автомектептердің жауапкершілігі артады

1947 просмотров
0
Ратель
Четверг, 05 Мая 2022, 17:00

Аталған шара курсанттардың ХҚО-ға жеткілікті дайындықпен келіп, сынақтан бірден сүрінбей өтуіне септігін тигізеді

Елімізде жүргізуші куәлігін беру үшін курсанттарды оқытып, үйрететін автомектептердің қызметіне жүктелетін міндеттер арта түспек. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Сенаторлар "Референдум туралы" заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады.

"Жүргізуші куәлігін беру процесін қатаңдату шарасы мамандандырылған ХҚО-ның жұмысына тікелей әсер етеді. Оған дәлел - жуырда Шымкентте болған оқиға. Оның видеосы желіде тарады. Қазіргі уақытта бірінші мәрте сынақтан өте алмаған курсантқа қайта мүмкіндік беріледі. Араға 7 күн салып емтиханды қайта тапсыра алады. Жүргізуші куәлігін алуға үміткерлер орта есеппен 3-5 рет емтихан тапсырып барып, өтіп жатады", - деді Сүйеніш Әбділдин орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, егер курсант бірнеше санат бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келсе, онда 7 күнді күтпей, сынақты күн сайын тапсыра алады.

"Осы орайда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында ұзынсонар кезек пайда болып жатыр. Әрине, біз ХҚО жұмысын жетілдіру және автоматтандыру бойынша шара қабылдап жатырмыз. Бірақ ол аздық етіп отыр. Осыған орай біз Ішкі істер министрлігімен бірлесіп автомектептердің жауапкершілігін қатаңдату жағын қарап жатырмыз. Яғни, автомектептерде сынақ емтиханын енгізбекпіз. Аталған шара курсанттардың ХҚО-ға жеткілікті дайындықпен келіп, сынақтан бірден сүрінбей өтуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар орталықтардағы кезек саны азаяды", - дейді ол.

Бұған дейін басқарма төраға қаңтар оқиғасы кезінде 1414 желісіне 212 мыңнан астам қоңырау түскенін жеткізді.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға жеке куәлік пен төлқұжатқа суретке өздері түсіп, ұнаған фотоны таңдау мүмкіндігі беріледі.

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
Meta заплатит до $17,1 млрд по делу о безопасности детей, катастрофа в Непале и пёс над вулканом
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай