Қазақстанда ресейлік компаниялар азайып келеді

1796 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 23 Фев 2025, 12:00

Көші-қонда да төмендеу байқалды

Қазақстанда ресейлік инвесторлардың қатысуымен жұмыс істейтін компаниялардың саны қысқарды. Дегенмен, тауар айналымының аздап өскені байқалады, деп хабарлайды LS.

Биылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы ресейлік заңды тұлғалар мен филиалдардың жалпы саны 18,8 мыңды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға немесе 583 компанияға аз.

Аталған кәсіпорындар негізінен сауда (7,7 мың), ақпарат және байланыс (2,5 мың), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (1,7 мың) салаларында жұмыс істейді.

Екі ел арасындағы сауда айналымында аздаған өсім бар. 2024 жылы тауар айналымы $27,8 млрд (+2,7%) болды.

Алайда экспорт 6,4%-ға қысқарып, 30,4 млн тонна немесе $9,5 млрд-ты құрады. Экспорттың негізгі бөлігін кен мен концентраттар – 5,3 млн тонна (-11,4%), қара металдар және олардан жасалған өнімдер – 1,8 млн тонна (-17,7%), сондай-ақ уран – 9,9 мың тонна (-12,6%) құрады.

Сонымен қатар, импорт 4,2%-ға төмендеп, 24,5 млн тоннаға жетті. Бірақ ақшалай есептегенде, керісінше, 8,3%-ға өсіп, $18,2 млрд болды.

Қазақстан қара металдар мен одан жасалған өнімдерді 7,8%-ға көбірек сатып алды (3,4 млн тонна).

Ал мұнай өнімдері, мұнай газы және битум жеткізу 13,4%-ға төмендеп, 1,1 млн тоннаны құрады. Сондай-ақ пластмасса мен одан жасалған өнімдердің импорты 24,5%-ға қысқарып, 2,3 млн тоннаны құрады.

Өзара инвестицияға келсек, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Ресейден Қазақстан экономикасына салынған инвестиция көлемі 43,7%-ға өсіп, $2,8 млрд-қа жетті.

Ал қазақстандық инвесторлар Ресей экономикасына бұдан 9,6 есе аз қаржы құйды – $170,6 млн. Салыстыру үшін: 2023 жылдың тоғыз айында бұл көрсеткіш $1,6 млрд болған.

Көші-қонда да төмендеу байқалды. 2024 жылы Ресейден Қазақстанға 8,1 мың адам көшіп келген (-30,3%).

Ал көрші елге қоныс аударған қазақстандықтардың саны 24,9%-ға азайып, 8,8 мың адамды құрады.

Фото: Getty Images.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Президент Республики Казахстан
«Стороны могли бы рассмотреть вариант заморозки боевых действий и возвращения к переговорам на основе “Стамбульской формулы 2.0”».
Украина: политическая лаборатория и цена несостоявшегося мира
Дальнейшее затягивание российско-украинского конфликта создает для Астаны больше рисков
Тарифная война, новые санкции против Ирана, 31 погибший на свалке, птичий грипп и роботы быстрее человека
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Поствыборный экзамен для партий: Виталий Колточник — о том, что показали съезды
О перезагрузке партийной системы Казахстана, феномене «семипартийности» и завершении эпохи партий одного человека
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай