Қазақстанда құс тұмауы өршіді – адамдар ауруды жұқтыруы мүмкін бе?

2127 просмотров
0
Ратель
Четверг, 17 Сен 2020, 15:40

Құс өсірушілер одағының президенті құс тұмауының өршуі уақытша құбылыс екенін айтады. Күн суытып, құстар ұшып кеткен соң мұның бәрі басылады

Солтүстік Қазақстан облысында құс тұмауының өршуі адамдар үшін қауіпті емес, деп мәлімдеді құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шәріпов Sputnik Қазақстан тілшісіне.

"Бұл – H5N1 штамы. Оның адамға қауіпі жоқ, себебі ол жоғары патогенді емес, 40-50 градуста жойылады. Бұл індет Қытайда алғаш пайда болғанда адамдар жұқтырған. Бірақ қазір ондай қауіп жоқ", – деп жауап берді Sputnik Қазақстан тілшісіне Руслан Шәріпов.

Читайте также
Иммунолог коронавирус пандемиясы қандай жағдайда аяқталатынын айтты

Айтуынша, құс тұмауы жабайы құстардың қазақстандық көлдерге ұшып келуі кезінде өршиді. Олардан су қоймаларының жанында тұратын тұрғындардың үй құсы жұқтырады.

"Бұл – уақытша құбылыс, жақында құстар ұшып кетеді, аяз болады да мұның бәрі басылады. Бізге құстар негізінен Ресейден ұшып келеді. Челябі, Омбы, Қорған облыстарында екі-үш айдан бері өршіп тұрғаны белгілі. Омбы облысындағы Ертіс құс фабрикасында 1,5 миллион тауық жойылды. Біздің барлық құс фабрикамыз қалыпты жұмыс істеп жатыр", – деп толықтырды Шәріпов.

Мемлекет тарапынан қандай шаралар қолға алынуда

Қазір мемлекеттік органдар өлген құстардың иелеріне өтемақы төлеу механизмін құрып жатыр, деді ол.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі індетті жою үшін барлық қажетті жұмыстарды, оның ішінде вакцинациялау, дезинфекциялау, ауру құстардың өлексесін жою бойынша жұмыс жүргізеді деп ойлаймын", – деп қорытындылады Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті.

Ал ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданында жоғары патогенді құс тұмауы пайда болды.

Аумаққа дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, өлген құстардың өлексесі жойылып, вакцина әкелінді. Сонымен қатар ол маңда құс өнімдерін экспорттауға тыйым салынды.

Ұлттық референттік орталық құстардың өлуінің себебі жоғары патогенді құс тұмауы екенін анықтады. Қазақстан бұл жайлы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымына хабарлады.

Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарда жануарларды вакцинациялау үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы 873 мың доза отандық препарат бөлінді.

Фото: ukrinform.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Несуществующие квартиры продавали под видом участия в программе реновации Алматы
Прокуратура возобновила досудебное расследование о долевом строительстве в отношении Садыковой
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай