Қазақстанда үш адамның екеуі ақша жинамайды

1755 просмотров
0
Ратель
Четверг, 12 Июн 2025, 13:00

Автонесиеге сұраныс өсіп, ипотекалық несие азайды

Отандастарымыздың үштен бірі электронды ақшадан гөрі қолма-қол ақша ұстағанды жөн көреді. Бұл туралы Ұлттық банк ұйымдастырған сауалнама нәтижесінде белгілі болды, деп хабарлайды 24.kz.

Оған қатысушылардың тек үштен бірі жинап жүрген ақшасы барын айтқан және олардың басым бөлігі, яғни 88%-і ақшасын теңгемен жинайды.

Қазір халықтың депозитте 23 трлн теңгеге жуық ақшасы бар. Дегенмен ақшасын банкке салмай-ақ, жылжымайтын мүлік сатып алуды дұрыс санайтындар қатары өсіп отыр. Яғни респонденттердің 19,2%-і жинаған ақшасына пәтер, үй, басқа да нысандар алған.

Читайте также
Балабақша есепшісі өзіне ай сайын бірнеше айлық "төлеген"

Банктер кәсіпкерлікті дамытуға күш салуға тиіс

Үш адамның екеуі ақша жинамайды. Бұл туралы Ұлттық банк тапсырысымен жүргізілген сауалнама барысында белгілі болды. Яғни қазақстандықтардың 65%-нің жинағы жоқ. Ал ақша жинайтындардың ішінде құнды қағаздарға инвестиция салғандар саны өсіп келеді. Мәселен, қаңтар айында сауалнамаға қатысушылардың 7%-тен астамы құнды қағаз сатып алса, мамырда 11%-тен асты. Сондай-ақ жыл басынан бері банктер табысы ұлғайып отыр. Биылғы алғашқы тоқсанда банктердің таза пайдасы 905 млрд теңгеге жетті. Пайданың қомақты бөлігі тұтынушылық несиеден түскен. Дегенмен сарапшылар кәсіпкерлікке несие беруді көбейту қажет деп санайды.

- Тұтынушылық несиеден гөрі халықты жұмыспен қамтамасыз етіп, кәсіппен айналысуына мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орындарын ашуына несиелерді көбірек берсе, онда мынау орта таптың қалыптасуына, яғни қарапайым халық өзінің сұранысын несие беру арқылы емес, несие алу арқылы емес, жалақысын тұрақты түрде, 300 мың, 500 мың, 700 мыңға дейінгі орта тап алатын жалақымен алу арқылы қамтамасыз етеді. Экономикадағы тек қана әлеуметтік емес, басқа да демографиялық көптеген күрделі салалардың да жандануына алып келеді, - дейді сарапшы Бауыржан ЫСҚАҚ.   

Депозитте ₸23 трлн бар

Наурыз айында банктердің экономикаға берген несиесі 34 трлн теңгеден асты. Оның ішінде өнеркәсіптің үлесі 4 трлн 300 млрд теңге, саудаға берілген несие 3,5 трлн теңге. Сондай-ақ көлікке 900 млрд теңге, құрылысқа 600 млрд теңге, ақпарат және байланыс құрылымдарына 200 млрд теңге қарыз берілді.

Қазір депозитте халықтың 23 трлн теңгеге жуық жинағы бар. Дегенмен борышкерлер саны да көбейіп отыр. Мәселен, сәуірдегі жағдай бойынша өтеу мерзімі 90 күннен асқан несиелер үлесі 3,4% көрсетті. Жалпы сомасы 1 трлн 200 млрд теңгеге жетті. “Ал бұл қарызды қайтаруға банктер де мүдделі болуға тиіс”, - дейді сарапшы.

- Экономика дамыған сайын банктердің де кәсібі дөңгелейтінін түсіну керек. Сол арқылы халықтың төлем қабілеттілігінің артатынын, сол арқылы қайтарылмай жатқан қаржының да қайтарылу ретінің тез болатындығын түсіну керек. Бұл айналып келгенде банктердің өздері үшін керек дүние, - деп қосты ол. 

Читайте также
Германияға көшкен қостанайлықтар Қазақстанға қайтып келді

Халық ойын-сауыққа көп ақша жұмсайды

Халық ойын-сауыққа көптеп ақша жұмсай бастады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, қаңтар-наурыз айларында спорт, демалыс пен ойын-сауыққа 193 млрд теңгеге жуық қаржы жаратқан. Яғни былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 38%-тен астам өсім бар. Ең қомақты бөлігі Алматы қаласына тиесілі. Алматылықтар 83 млрд 300 млн теңге төлепті. Сондай-ақ алдыңғы үштікке 26 млрд теңгемен Астана және 11 млрд теңгеге жуық сомамен Алматы облысы еніп отыр. Жұмсалған ақшаның басым бөлігі демалыс және ойын-сауықтың үлесінде.

“Биылғы жылдың І тоқсанында спорттық қызметтерге 32,5 млрд теңге, фитнес-клубтар қызметіне 16,9 млрд теңге, спорт клубтарына 11,9 млрд теңге төленді. Сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану ақысы 9,9 млрд теңгеге, ойын-сауық саябақтарында көрсетілген қызмет сомасы 7,2 млрд теңгеге жетті. Бірақ саладағы қызметтердің 58,9% немесе 113,1 млрд теңгесі демалыс және ойын-сауық ұйымдастыру қызметтеріне тиесілі”, - дейді Ұлттық статистика бюросы.

Автонесиеге сұраныс өсіп, ипотекалық несие азайды

Тағы бір айтары, биылғы І тоқсанда автонесиеге сұраныс өсіп, ипотекалық несие алғысы келетіндер азайды. Үш айда ипотекаға 241 мың өтініш беріліп, орташа мөлшері 7% төмендеді. Яғни 16 млн 600 мың теңгені көрсетті. Ал ішінара субсидиялау арқасында автонесие алғандар көбейді. Мұндағы кредиттік өтініштер саны 13% өсіп, 1 млн 400 мыңға жетті. Несие сомасының ортша мөлшері де 11% артып, 8 млн теңгеге жуықтады. 

Фото: istockphoto.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай