Қазақстанда тағы да құрылыс материалдары қымбаттады

1913 просмотров
0
Ратель
Среда, 16 Апр 2025, 15:00

Қазір Алматыда тұрғын үй шаршы метрінің орташа құны шамамен 600 мың теңгеге жетіп отыр

Елімізде құрылыс материалдарының құны күрт қымбаттады. Соның кесірінен баспана құны да 50 пайызға өсуі мүмкін, дейді экономистер, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
 

Читайте также
Кирилл Павлов: Биыл да “Жем – елу, шөп – елу” деп шулаймыз

- Қазақстанда базалық мөлшерлеме төмендемесе, құрылыс секторын қаржыландыру қысқармайтын болса, тұрғын үй бағасы жыл сайын, кем дегенде, 50 пайызға өсіп отыруы мүмкін. Өйткені қазір несие пайызы өте жоғары, оған қоса, біздің елде құрылыс материалдарының өндірісі қатты дамымаған. Бағаны өсуіне екі себеп бар: құрылыс материалдарының қымбаттауы және инфляция, - дейді экономист Арман БАЙҒАНОВ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басынан бері баға, әсіресе құрылысқа қажет майда-шүйдеге көтерілген. Яғни тас, әктас пен гипс 52 жарым пайызға, пластмасса жабындылар мен құбырлар 13,1, бетон құны бір жылда 7,5 пайызға өссе, газ блогының бағасы бірден 28 пайызға шарықтаған.

Десе де кейбір материалдардың бағасы төмен. Мәселен, минералды тақта 11 пайызға, ал шыны пакеттер 8 пайызға арзандаған.

Айта кетейік, қазір Алматыда тұрғын үй шаршы метрінің орташа құны шамамен 600 мың теңгеге жетіп отыр. Ол былтырмен салыстырғанда 20 пайызға қымбат.

- Тұрғын үй бағасы қосылған құнға салынатын салыққа байланысты көтерілуі мүмкін. Өкінішке қарай, қазір тұрғын үйге қатысты салық заңы толығымен қабылданып қойды. Оған қоса, биыл 2 қаңтардан бастап құрылыс бастағандар да міндетті салықты төлеуге мәжбүр болады. Ал кодекс қабылданған соң, құрылыс компаниялары үстінен тағы қосымша 12 пайыз төлемек. Осы факторлардың кесірінен баспана қымбаттайды, - дейді Қазақстан әзірлеушілер қауымдастығының президенті Виктор МИКРЮКОВ.

Фото: ktk.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай