Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өсті

1721 просмотров
0
Ратель
Среда, 04 Янв 2023, 13:00

Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақылардың барлық түрінің мөлшері өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, бұл өзгеріс зейнетақы мен жәрдемақы 4,4 млн адамға әсер етеді. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 4,6 трлн теңге қарастырылған.

Читайте также
Денсаулық сақтау саласындағы бизнеске қойылатын мыңнан астам талап қайта қаралады

"Базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің жыл сайынғы ұлғаюын ескере отырып, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, оның ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% - дан 60% - ға дейін ұлғаюына байланысты артты. Ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2% - ға артып көтерілді. Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін (158,7-ден 189,8 мың теңгеге дейін) ұлғайтылды", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Осы орайда бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 68,2 мың теңгеден 77,4 мың теңгеге дейін өсті. Зейнетақының өсуі барлық 2,2 миллион зейнеткерге әсер етті.

"Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты мүгедектік және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақылардың мөлшері де артты. Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінің ұлғаюына байланысты тағы да бірқатар жәрдемақының мөлшері өсті. Мәселен, жұмыс істейтін де, жұмыс істемейтін де әйелдерге бала тууға байланысты төленетін мемлекеттік қолдаудың мөлшері енді: бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК немесе 131 100 теңге (2022 жылы – 120 840 теңге), төртінші және одан да көп балаға – 63 АЕК немесе 217 350 теңгені (2022 жылы - 200 340 теңге) құрайды", - деп аталып өткен министрлік хабарламасында.

Республикалық бюджеттен жұмыс істемейтін ата-аналарға бала күтімі бойынша жәрдемақы беріледі, оның мөлшері АЕК өсуін ескере отырып, биылдан бастап 8,5% - ға өсті.

Читайте также
Қанат Мусин Конституциялық соттың судьясы болды

Жұмыс істейтін ата-аналар бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдерді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алады. 2023 жылдан бастап Президент тапсырмасы бойынша бала күтімі бойынша төлем мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзарды.

Мүгедектігі бар балаларды қолдау үшін Қазақстанда кәмелетке толғанға дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Оның мөлшері 2023 жылы 56 794 теңгені (бұрын 52 345 теңге) құрайды.

Жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы мөлшері АЕК ұлғаюын ескере отырып өсті: 4 баласы бар отбасыларға ай сайын 55 304 теңге (бұрын 50 976 теңге), 5 балаға – 69 138 теңге (бұрын 63 728 теңге), 6 балаға – 82 973 теңге (бұрын 76 479 теңге), 7 балаға – 96 807 теңге (бұрын 89 231 теңге), 8 және одан көп бала болса әр балаға – 13 800 теңгеден (бұрын 12 720 теңге) беріледі.

Фото: Ⓒ Ratel.kz / Сергей Перхальский.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай