Қазақстандықтар Сейшель аралдарына визасыз бара алады

1232 просмотров
0
Ратель
Суббота, 23 Сен 2023, 15:30

Қазақстан мен Сейшель аралдары визасыз режим туралы келісімге қол қойды

Читайте также
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін айыппұл арқалады

Елдер келісімді ратификациялаған соң қазақстандықтар Сейшель аралдарына 30 күн бойы визасыз бара алады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының аясында Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат НҰРТІЛЕУ және Сейшель аралдарының сыртқы істер және туризм министрі Сильвестр РАДЕГОНД екіжақты қатынастарды дамыту және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдар бойынша келіссөздер жүргізді.

Нұртілеу Қазақстанның Африка елдерімен ынтымақтастығының нығайып келе жатқанын атап өтті.

"Ол екіжақты негізде және көпжақты бірлестіктер шеңберінде өзара қызығушылық тудыратын салаларда қазақ-сейшел ынтымақтастығын дамытуға бірлескен күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады", - деп жазылған хабарламада.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының үкіметі мен Сейшель Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Ол әрбір жарты жылда 30 күнтізбелік күнге дейін кіру кезінде паспорттардың барлық түрі үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд