
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі бірқатар құжатқа қол қойды
Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тани Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дохаға сапарының қорытындысына көңілі толатынын білдірді.
"Біз президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапарына және біздің Катар мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту мәселелеріне қатысты пікірталастарымызға ризамыз. Біз достас екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту механизмдері жайлы келістік және одан да жемісті ынтымақтастыққа, ортақ ұмтылыстар мен қалаған амбицияларға сәйкес тұрақты серіктестік орнатуға үміт артамыз", - деп атап өтті Қатар Әмірі Х әлеуметтік желісінде.
Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған болатынбыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қатар Әмірі бірқатар құжатқа қол қойды.
Фото: Ақорда.