Азат Перуашев енді “штрафстан” деген сөзді айтпайды

2313 просмотров
0
Ратель
Четверг, 30 Янв 2025, 14:00

Бұл депутат өзінен өзі қысылып, біртүрлі боп жүр қазір

“Ақ жол” партиясының төрағасы, депутат Азат ПЕРУАШЕВ Қазақстанды “штрафстан” деп атағаны “сәтсіздік” болғанын айтады, деп жазады kz.kursiv.media.

Оның пікірінше, біздің Қазақстаннан басқа отанымыз жоқ. Депутат “мәселе туралы сөз қозғау мен  сынның мемге айналуының” аражігі бар екенін, “сөзін басқа адамдардың қалай қабылдайтынын ескермей” қалғанын айтты.

Читайте также
Қазақстандағы урбанизацияның арты неге әкеп соғар екен

“Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ сөзімен келісемін. Өз елімізді, өз мемлекетімізді сыйлауымыз керек. Шетелдік инвесторлар мен туристерді не үшін шақырып отырмыз? Елімізді мақтау үшін бе, жамандау үшін бе? Бұл жерде Президенттің сөзі орынды. Өте дұрыс. Әрі қарай да осы жолдан таймауымыз керек”, - деді депутат.

Азат Перуашев Парламентте ресми тілді пайдалануға міндетті екенін алға тартты. Бірақ неліктен Қазақстанды “штрафстан” деп атағанын түсіндіріп өтті.

“Мен ол жерде басқаша айттым. Айыппұлдың, жалпы, жауапкершіліктің заңбұзушылық ауыртпашылығына сай болу керек дегенді айтқанмын. Терминді пайдаланғаным дұрыс емес болды. Ол рас. Мойындап отырмын. Сабақ болады. Жаза мен заңбұзушылықтың ауырлығының сәйкестігі болуы қажет деп санаймын” - деді Азат Перуашев.

28 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанды келеке ететіндерді қатаң сынға алды.

Ол өз елін лақап атпен атап, мазақ қылу дұрыс емес екенін, шоу-бизнес өкілдері мен қоғам белсенділерін айтпағанда, оның арасында депутаттар да бар екенін тілге тиек еткен еді.

Фото: скриншот из видео.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай