ҚазМұнайГаз 2023 жылдың қаңтарында Германияға мұнай жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр

1559 просмотров
0
Ратель
Среда, 21 Дек 2022, 12:00

"ҚазМұнайГаз" басшысы Германияға мұнай экспорттау мәселесі бойынша келіссөз жүргізді

"ҚазМұнайГаз" басшысы Германияға мұнай экспорттау мәселесі бойынша келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.

20 желтоқсан күні "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев ГФР экономика және климатты қорғау істері министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Михаэль Кельнермен (видеобайланыс арқылы) және Астанада Германияның Бундестаг депутаты, Cолшылдар партиясының парламенттегі өкілі Кристиан Гёркемен кездесті.

Читайте также
Министр ақау шыққан жылу электр орталығы бірінші басшыларына айыппұл салуды ұсынды

Тараптар Шведт қаласындағы мұнай өңдеу зауытына Қазақстан мұнайын экспорттау мәселелерін талқылады.

К.Гёркенің айтуынша, зауыт – Германияның шығысындағы Бранденбург федералды штаты экономикасының күретамыры.

Бундестаг депутаты "Дружба" мұнай құбыры арқылы Қазақстан шикізатын тұрақты түрде жеткізуге қызығушылық білдірді.

ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайын аталған мұнай құбыры арқылы Германияға экспорттау мүмкін екенін, алайда келісімшарт және техникалық мәселелерді шешу қажеттігін атап өтті.

"ҚМГ-нің мұнай өндіруші ұйымдарының шикізаты Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау үшін отандық мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Ал ҚМГ мұнайының экспортқа шығатын көлемі бірыңғай жүйелік трейдер — KMG Trading мекенжайына жеткізіледі, ол алдымен "ҚазМұнайГаздың" Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарының қажеттілігін өтейді. Экспортқа арналған мұнайдың қалған көлемі ұзақмерзімді келісімшарт бойынша сатылады. Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Германияға сынақ ретінде мұнай партиясын 2023 жылдың қаңтар айында жөнелту мүмкіндігін қарастырып жатыр", - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға үміт білдірді.

Шведт қаласында орналасқан жылдық қуаты 10 млн тоннадан астам шикі мұнайды өңдеуге қауқарлы мұнай өңдеу зауыты Берлин мен Шығыс Германияның көп бөлігін отынмен қамтамасыз етіп отыр.

Фото: longislandbusiness.com.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай