Балғынбек Имашевтың ұлы қамауға алынды

3286 просмотров
0
Ратель
Четверг, 10 Апр 2025, 14:00

Данияр Имашев басқаратын Qazaq travel компаниясы 50 адамды қажылықтан қалдырған

Алматыда айтыскер ақын Балғынбек ИМАШЕВТЫҢ ұлы алаяқтық бабы бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұған қажылыққа ұша алмаған туристердің шағымы себеп болған. Данияр Имашев жолдама сатқан Qazaq travel компаниясының атқарушы директоры көрінеді. 50-ден аса адам Мекке мен Мәдинаға ұша алмай сан соғып қалдық деп отыр. Яғни, рейске бір күн қалғанда, не билет, не қонақ үй алынбағаны белгілі болған.

Читайте также
Айдос Сарым мен Ермұрат Бапи Жеңіс парадына дайындықты пысықтап қайтты

Осы сәтте қасиетті мекенде жүруі тиіс болған туристер қазір полиция басқармасын айналшықтап жүр. Себебі, жолдама сатқан Qazaq travel компаниясы 50-ден аса адамды жолдан қалдырған әрі бұл туралы рейске бір күн қалғанда ғана мәлімдепті.

- Тоғызы күні ұшатын рейсімізде еш адам ұшқан жоқ. Не халыққа шығып үндеу айтқан жоқ. Билеттің бағасы өсіп кетті-ау, осындай болып қалды-ау деген үндеу болған жоқ. Бізге ешқандай дәлел жібермеді. Билет төленді деп те көрсеткен жоқ. Отельге ақша төленді дегенді де көрсеткен жоқ, - дейді Медина ЖАРЫЛҒАПОВА.

Әрқайсысы жолдамаға шамамен 500 мың теңгеден төлеген. Ал құлшылық жасауға асыққан туристерді сан соқтырған компанияның директоры танымал айтыскердің ұлы болып шықты.

- Компанияның директоры Имашев Данияр деген жігіт екен. Үш күннің ішінде ақшаны қайтарып береміз деген уәде беріп жатыр. Ол уәдесіне сенбей тұрмыз, - дейді Жаннұр ЖӨКЕТАЙ.

Қасиетті мекенге жете алмағандар қазір бірінен соң бірі полицияға шағым түсіріп жатыр.

Ал атышулы компанияның кеңсесі жабық тұр. Ішінде тірі жан жоқ. Десе де “алдандық” деген жұрт бұлардың әлеуметтік желілерде әлі де қажылық турын сатып жатқанын айтып отыр. Осы мәселе бойынша полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғаған. Үш күдікті тергеуге алынды. Олардың қатарында Данияр Имашев та бар. Жұрттың қажылықтан қалу себебін сұрағанымызда, ол бүгін үнсіз қалды. Есесіне, туындаған қиындықтың себебін оның әкесі түсіндіріп берген. Балғынбек Имашев әуе билеттерінің де, қонақүй бағасының да қымбаттап кеткенін айтады әрі мұнда ешқандай алаяқтық жоқ деп сендіріпті.

- Көп адамдар акциямен алған. Арзан бағада алды. Қазір баға қымбаттап жатыр. Қымбат билет алынып жатыр. Ұшақ бағасы, қонақ үй қымбат болып жатыр. Сол себепті құрылтайшылар өз қалтасынан қосып, қаржы салып, қызметте болуға талпынып жатыр, - деді айтыскер ақын Балғынбек Имашев. 

Умраға ұша алмағандардың бар талабы – төленген қаражатты қайтару. Сондай-ақ Qazaq travel-ге өзге мұсылмандар алданбаса дейді.

Фото: Caravan.kz, ktk.kz.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана