Бас прокурор қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың тізімі неге жарияланбай жатқанын түсіндірді

1639 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 14 Мар 2022, 17:45

Адам өлу фактілері бойынша 94 факт, терроризм фактілері бойынша 46 іс қозғалды

ҚР бас прокуроры Берік АСЫЛОВ қаңтар оқиғасында құрбан болғандардың тізімі неге жарияланбай жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Qazaq Air Ресейге қайта ұшатынын мәлімдеді

"Құрбан болғандардың тізімін біз ресми түрде жариялаған жоқпыз. Оны жариялаудың алдында құрбан болғандардың әке-шешелері мен туысқандарына қосымша қайғы әкелеміз деп ойлаймыз. Сондықтан осы мақсатта біз бұл тізімді ресми түрде жариялаған жоқпыз", - деді бас прокурор мәжілістің жалпы отырысында қойылған сұрақтарға берген жауабында.

Сондай-ақ, ол оқиға кезінде мерт болғандардың қандай санататқа жататыны анықталатынын айтты.

"Ал енді 230 адам мерт болды деп айтып кеттік. Осылардың істері бойынша көптеген істер қозғадық. Адам өлу фактілері бойынша 94 факт, терроризм фактілері бойынша 46 іс қозғалды. Тергеу кезінде біз мән-жайдың бәрін тексеріп, қанша террорист, оның кім екенін, кімнің шабуыл жасаушы, кімнің бейбіт тұрғын екенін тексеріс арқылы шешім қабылдап, өзіңізге баяндаймыз", - деді Берік Асылов.

Мәжіліс төрағасы Ерлан ҚОШАНОВ қайтыс болғандардың тізімін жариялауға тергеу амалдарының шектеулерінің әсері бар-жоғын сұрады.

"Шектеулер бар. Кімнің кім екені тергеулер кезінде зерделенеді. Соның бәрі анықталғаннан кейін біз оны жариялай аламыз", - деді бас прокурор.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд