Баспанасы жоқ қазақстандықтарға 5%-тік кредит беру басталды

2457 просмотров
0
Ратель
Пятница, 18 Сен 2020, 15:30

Жылдық мөлшерлемесі 5 процентті құрайтын жеңілдетілген кредит әкімдік кезегінде тұрған қазақстандықтарға беріледі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі "5-10-20" – "Шаңырақ" бағдарламасы бойынша несие беруді бастады, деп хабарлайды Sputnik.

Биыл "Шаңырақ" пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Оның 90 миллиард теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қаржыға 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты..

5%-тік кредит кімдерге беріледі

Жылдық мөлшерлемесі 5%-ке тең жеңілдетілген заем алу үшін азаматтар әкімдік кезегінде тұруы тиіс.

Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қарыз мөлшерінің кемінде 10%-ін құрайтын бастапқы жарна болуы қажет.

Читайте также
TengriBank лицензиясынан айырылды, ал салымшылар ақшаларын қалай алады

Несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін.

"Шаңырақ" жобасы аясында жеңілдетілген кредит баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанда әкімдік кезегінде тұрған қазақстандықтарға беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішінде отбасының әр мүшесіне шаққанда табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы тиіс. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс шегі – 32 668 теңгеге тең.

Яғни, биыл отбасының әр мүшесіне келетін табыс мөлшері 101 271 теңгеден артық болмауы керек.

"Шаңырақ" бағдарламасы бойынша пәтер тек жаңа салынған тұрғын үйлерден беріледі.

Бұл "5-10-20" бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары салған баспаналар.

Әкімдіктер тұрғызған кредиттік тұрғын үйлерге 1 шаршы метр үшін келесі баға белгіленген:

  • 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында,
  • 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында,
  • 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда,
  • 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында,
  • басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Қанша өтінім түсті

17 қыркүйектегі мәліметке сүйенсек, банк бүкіл Қазақстан бойынша 21 039 өтініш қабылдады.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 6 миллиард теңгеден астам 472 несиелік өтінім мақұлданды.

Әкімдікте кезекте тұрған азаматтардан өтінім тек hcsbk.kz сайты арқылы қабылданады.

Иллюстративное фото из открытых источников.
 

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Несуществующие квартиры продавали под видом участия в программе реновации Алматы
Прокуратура возобновила досудебное расследование о долевом строительстве в отношении Садыковой
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай