Батыс Қазақстанда 430 борышкер әкімшілік қамаққа алынды

2040 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 12 Янв 2025, 14:00

Әкімшілік қамаққа алынғандар 50,6, айыппұл салынғандар 58,9 пайызға өскен

Батыс Қазақстан облысында өткен жылы мәжбүрлеп орындату саласы бойынша 645 борышкерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қозғалды, деп хабарлайды Казинформ.

БҚО әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашқалиевтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның нәтижесінде 173 борышкерге айыппұл салынса, 430-ы әкімшілік қамаққа алынды.

Читайте также
Ас беруде артық кетіп жүрміз

Естай Елтайұлының сөзіне қарағанда, 2024 жылы сот орындаушыларының өндірісінде 152,7 млрд теңгенің 296 954 атқарушылық іс жүргізу құжаты болды. Соның 51,5 млрд теңге болатын 125 851 құжаты орындалды.

- Сот актілерін орындаудан қасақана жалтару ҚР қылмыстық немесе әкімшілік заңнамаларына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. Осы орайда прокуратура, полиция және жеке сот орындаушылары өңірлік палатасымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, өткен жылы сот орындаушыларының ұсынымдары негізінде 4 борышкер ҚР ҚК 139-бабына сәйкес сот үкімімен қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 8 қылмыстық іс тараптардың татуласуымен тоқтатылса, 17-сі алдын ала тергеу сатысында қаралуда, - деді Е.Рашқалиев.

Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар алдыңғы жылмен салыстырғанда, 54,2 пайызға немесе 295 іске көбейген. Әкімшілік қамаққа алынғандар 50,6, айыппұл салынғандар 58,9 пайызға өскен.

- 2024 жылы алимент төлемдері бойынша берешегі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 20 жәрмеңкесі өткізілді. Соның нәтижесінде 462 борышкер жұмыспен қамтылды. Бір жылда осы сала бойынша сот орындаушыларына қатысты 125-тен астам арыз-шағым түскен, - деді департамент басшысының орынбасары.

Фото: freepik.com

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай