Батыс Қазақстанда өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр

1241 просмотров
0
Ратель
Воскресенье, 12 Мар 2023, 13:00

Тасқала ауылындағы гидробекетте Деркөл өзенінде 555 сантиметрге жетіп, қауіпті деңгейден 25 сантиметрге асып түсті

Батыс Қазақстан облысында өзендерде су деңгейі көтеріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазгидромет" РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапановтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, облыста 11 наурызда күннің 4-13 градусқа дейін жылынуына байланысты шағын өзендерде су деңгейі жоғарылады.

Читайте также
ЖОО түлектері конкурстық іріктеусіз мемлекеттік қызметке тағайындала алады

Атап айтқанда, Тасқала ауданында Шежін-2 өзенінде су деңгейі 779 сантиметрге көтеріліп, қауіпті шекке жетті. Тасқала ауылындағы гидробекетте Деркөл өзенінде 555 сантиметрге жетіп, қауіпті деңгейден 25 сантиметрге асып түсті.

Т.Шапановтың сөзіне қарағанда, Шідерті, Өлеңті және Шаған өзендерінде де су деңгейі көтерілу үстінде.

"Алдағы күндері күндіз 8-14 градус, түнде 0-5 градус жылылық сақталып, қардың еруі жалғасады. Оған қоса облыстың бірқатар бөлігінде жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстік, солтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде қар жамылғысы сақталуда. Қардың биіктігі – 1-19 сантиметр. Өңірде биылғы тоңның қалыңдығы – 80-140 сантиметр. Бұл еріген қар суының жерге сіңбей, өзендерге құйылып, олардағы су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соғады. "Қазгидромет" мекемесінің мәліметіне сәйкес 12-14 наурыз аралығында жауын-шашын болып, қар қатты ериді. Соған байланысты су тасқыны болуы мүмкін", - деді Т.Шапанов.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд