Белсенді бизнес: Qazaq Oil компаниясы қазақстандық ватерполшыларды қолдады

1353 просмотров
0
Ратель
Вторник, 12 Сен 2023, 13:30

Су добынан Қазақстан командалары жаңа спорттық инвентарьмен жасақталып, олимпиада ойындарына үлкен жоспар құрды

Алматы қаласынағы Орталық бассейнде су добынан ерекше турнир өтті. Бұл турнирде спортшылар алғашқы рет ресми ұлттық нақыштағы доппен ойнады. Жаңа спорттық инвентарьды Qazaq Oil компаниясы тарту етті. Ұлттық спорт тарихында тұңғыш рет командада көкбайрақ түстес фирмалық доп пайда болды.

Читайте также
Астанада мыңнан астам отбасы Құрбан айт мерекесіне орай Qazaq Oil компаниясынан азық-түлік жиынтығын алды

- Бұл доптарды американдық KAP-7 LEN компаниясы жасады. Жаңа доп Америка континентінде ресми саналатын халықаралық стандарттарға сәйкес жасалған. Осындай доптармен Европа, Австралия спортшылары да ойнайды. Қазір бұл тізімге Азия да қосыла бастады. Спортшылар үшін сапалы инвентарьдың маңызы өте жоғары. Белсенді өмір салты, спорттың дамуы сияқты құндылықтарды біз үнемі қолдаймыз, әрі отандық спортшыларымызды қолдауды одан әрі жалғастырамыз, - деді Qazaq Oil компаниясының өкілдері ресми доптың таныстыру салтанатында.

Турнир барысында Қазақстан су добы спорты Федерациясы өкілдері жақын арада қандай турнирлер өткізілетінін әрі қандай жоспарлар барын айтты.

- Осы салтанатты таныстыру құрметіне біз “жұлдыздар матчын“ өткіздік. Бұл ойынға су добының барлық ардагерлері, юниорлар, және біздің олимпиада ойыншылары қатысты. Бірақ кәсіби ватерполшылар қатыспады. Турнирге бокстан Олимпиада чемпионы Серік СӘПИЕВ, жүзуден чемпион Дмитрий БАЛАНДИН қатысты. Олар бұрыннан су добына қатысып ойнап жүргендіктен біздің ұсынысымызды қуана қабыл алды, - деді Су спорты түрлері Федерациясының президенті Андрей КРЮКОВ.

Бұл матчқа, сондай ақ, спорт жолында алғаш қадам басып жатқан жасөспірімер де қатысты. Олар да ересектермен теңдей таласып, жеңісті жолда жығыла қоймады.

- Біз осындай матчты әдейі ұйымдастырдық. Біздің балалар чемпиондық рухты сезініп, Олимпиада чемпиондарына жақындасын деген ой болды. Енді Қазақстанда су добынан барлық турнирлерде ойын жаңа доппен өтетін болды. Осындай доптардың жасөспірімдерге арналған түрлері де жасақталып жатыр. Яғни жас ватерполшылардың ересектер категориясына өту процесі жеңіл әрі жұмсақ болатын болды. Жақында спорттық инвентарь ел өңірлеріне жеткізілетін болады. Осы игі бастамаға спортты қолдауға арналған Sport Qory мен Qazaq Oil компаниясы демеуші болып отыр. Осындай қолдау көрсеткен ұйымдарға алғысымыз шексіз,  - деді Андрей Крюков.

Қазіргі таңда су добы спорты жас спортшылар арасында танымал боп келеді.

- Алматыдағы Орталық бассейнге 100 ге тарта жаңа спортшы келеді. 8 жастан бастап ойнап, команда қалыптастырып келе жатқан ойыншылар да бар. Яғни бұл спорт дамып жатыр дегенді білдіреді. Ал бізде бассейндер мен мамандар саны алаңдаушылық туғызады. Кадр мәселесін шешуге тырысып жатырмыз. Мансабы аяқталған көптеген ватерполшыларды бапкер қылып жатырмыз. Олар жасөспірімдерді бала кезінен жаттықтырып, өсіріп жатыр, - деді Федерация директоры.

Қазақстанда су добының тарихы бай, дәстүрі терең. 1980 жылы Қазақстандық ватерполшы Сергей КОТЕНКО Олимпиада чемпионы болған еді.

Читайте также
Qazaq Oil елордада Q-cafe брендімен үш дәмхана ашады

Ардагер жұлдыздар матчына да қатысты.

- Су добы спортының жағдайы қазір жақсарып келеді десек, қателеспейміз. Көптеген спортшылар топ жарып, бассейндер салынып жатыр. Жаңа жеке спорт клубтары ашылып жатыр. Қазақстан осы спорт түрінен барлық Олимпиадаларда бақ сынады. Су добы спорты -  жаздық Олимпиадалық ойындарда Қазақстан қатысып отырған жалғыз спорт түрі деп батыл айта аламыз, - деді Сергей Котенко.

Федерация өкілдерінің айтуынша, су добы спортымен спортшылар Қазақстанның 12 өңірінде де айналысады. Осы спорттан 2 Олимпиадалық құрама: ерлер және әйелдер құрамасы жасақталған.

- Су добы спорты оңай спорт түріне жатпайды. Алайда бізге анық нәтиже көрініп отыр. Су спорты адам ағзасына өте пайдалы әрі жарақат алу қаупі өте төмен. Сондықтан, ата аналар балаларын осы спорт түріне беруге тырысады. Бұл да бір артықшылық десек болады, - деді Федерация өкілдері.

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев балалар спортын қолдаудың маңызы қаншалықты екенін түсіндірді.

- Иа, балалар арасында басқа салаларға кететіндер бар. Бірақ көпшілігі үлкен спортқа ауысып, керемет нәтижеге қол жеткізеді. Балаларды қолдамасақ, үлкен спортта нәтижелі болу қиын болады, - деді Серік Сәпиев.

Оның айтуынша, Қазақстанның су добы спортынан жарқын жеңістерге жетуге барлық мүмкіндігі бар.

Ватерполға келсек, Қазақстан бұған дейін де халықаралық турнирлерді өткізуге мұрындық болған. Мұнда су спортынан Әлем кубогы, Әлемік лига, жастар арасындағы Әлем чемпионаты сияқты дүбірлі додалар өткен.

Енді қазақстандық спортшылар Қытайда 23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында су добынан өтетін Азия ойындарында бақ сынамақ.

Фото: vedomosti.ru.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента