Биыл заңсыз қажылық жасағандар жазаланады

1339 просмотров
0
Ратель
Пятница, 16 Мая 2025, 15:00

Арнайы визамен ғана рұқсат

Сауд Арабиясы биыл заңсыз қажылық жасаған адамдар мен заңсыз қажылықты ұйымдастырғандарға қомақты айыппұл салады. Бұл туралы Kazinform Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына сілтемемен хабарлады.

- Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрлігі 2025 жылғы 29 сәуір мен 10 маусым аралығында қажылық жасау ережелерін бұзған немесе заңсыз қажылық жасауда азаматтарға көмектескен өкілдерге белгіленген жазалау шараларын жариялады, - деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Читайте также
Арнайы визасыз қажылық жасау күнә – ҚМДБ

Мәліметке сай, жазалау шарасы мынандай жағдайларда қолданады:

1. Лицензиясыз қажылық жасап жүрген немесе жасауға әрекет еткен азаматтар көрсетілген уақыт аралығында қасиетті орындарда қалса немесе зиярат жасаса, 20 мың Сауд Арабиясы риялы немесе 5300 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады.

2. Қажылықты орындауға әрекет етіп Мекке және қасиетті орындарға кірген, бірақ “Қажылық визасы” жоқ шетел азаматтарына, шетелдіктердің қажылық сапарын басқа визалар арқылы ұйымдастырған жауапты өкілдерге 100 мың Сауд Арабиясы риялы – шамамен 26 мың 600 АҚШ доллары көлемінде айыппұл қарастырылған. Бұл айыппұл соммасы әрбір жалған виза үшін жеке-жеке есептеледі.

Сонымен қатар заңсыз түрде Мекке аумағына кіргендерді жасырғандар, тасымалдаған көлік жүргізушілері, орналастырған қонақ үйлер мен жеке үй иелеріне де дәл осынша сомада айыппұл салынады.

3. Заңсыз түрде Қажылық жасауға әрекет еткен азаматтар, Сауд Арабиясында уақытша тұрған, визасының уақыты аяқталған немесе заңсыз түрде мекендеп отырған азаматтар өз еліне депортацияланады және 10 жылға Сауд Арабиясына кіруге тыйым салынады.

4. Қажылық визасы жоқ шетелдік азаматтарды тасымалдаған транспорттар оларға көмектескен азаматтарға тиесілі болса, ол көліктер сот қаулысымен мемлекет есебіне өткізіледі.

5. ВИЗА уақыты аяқталса да, елден шығып кетпеген шетел азаматтарына 50 мың Сауд Арабиясы риялы - 13 мың 300 АҚШ доллары көлемінде айыппұл, 6 айға дейін қамау және депортация жазасы белгіленген. Сонымен қатар Қажылық және Умра министрлігі қажылық жасаушыларға НУСУК және ТАСРИҚ платформалары арқылы рұқсат алу қажеттігін ескертеді.

Читайте также
Теолог: “Жасырын жүрістен гөрі екінші әйел алған жөн”

Айта кетейік, 2025 жылы қажылық өтеу тек “Қажылық визасы” арқылы жүзеге асырылады. Басқа кез келген виза түрімен Мекке мен қасиетті жерлердің аумағына кіруге тыйым салынады.

Биыл Қазақстаннан ресми түрде 4500 адам қажылыққа аттанады. Олар 24-31 мамыр аралығында Саудияға барып, 10-16 маусым аралығында елге оралады.

- Барша жамағатты Сауд Арабиясы Корольдігі Қажылық және ұмра министрлігінің шетелдік азаматтарға қатысты ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Сонымен қатар биыл қажылыққа ниет еткен отандастарымызға қандай да бір заңсыз әрекеттерге бармауды және лицензиясы жоқ туристік фирмаларға жазылмау қажеттігін ескертеміз, - деп хабарлайды КМДБ.

2025 жылы Сауд Арабиясы 1 млн 800 мың парызын өтеушіні күтіп алуды жоспарлап отыр.

2024 жылы Сауд Арабиясы заңсыз түрде Қажылық жасаған 300 мыңнан астам шетел азаматын анықтаған.

Фото: pexels.com.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай