Біз қалай кедейленеміз

3775 просмотров
0
Ольга ВОРОНЬКО
Суббота, 01 Фев 2025, 12:00

Тауар атаулының бәрі, тамақ, бензин, жарық, жылу қымбаттайды – үкіметтің жоспары осындай

Осы аптада мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысында министрлерге ащы шындықты мойындауға рұқсат берілді: Ұлттық қорға қол салмасақ – құритын түріміз бар. Үкіметтегілердің сөзінше, мұның себебі 30 жыл бойы тендерлердің талан-таражға салынғаны емес. 30 жыл бойы өтірік зауыт ашып, шикізаттық ел күйімізде отырғанымыз емес. Жаппай жемқорлық пен бар байлықтың санаулы ғана отбасының қолында шоғырланғаны да емес. Бәріне кінәлі – орта бизнестің 20 пайыз емес, 12 пайыздық ҚҚС төлеп келгені екен.

Читайте также
Осылай отыра берсек, ертең доллар 600, 700 теңге болады

- Естеріңізде шығар, 1995-2000 жылдардың басында дағдарыс болды, кейін ипотекалық дағдарыс, 2014 жылғы дағдарыс келді. Сондықтан бизнеске қолдау көрсету шаралары қабылдануы керек еді, түрлі жеңілдіктер енгізілді, ал қазір соның салдарын көріп отырмыз, - деді ұлттық экономика министрі Серік ЖҰМАНҒАРИН.

Үкімет мүшелері ҚҚС мөлшерін қаншалықты көтеру керегін әлі де ойластырып жатқанын айтты, бірақ оның 20 пайыз болатынын мойындады, өйткені бүкіл әлемде ҚҚС көбінесе 20 пайыз екен.. Бұған қоса, бұрын ҚҚС-ты жылдық айналымы 78 млн теңгеден асатын кәсіпкерлер төлесе, енді бұл шекті 15 млн-ға дейін төмендетпек.

Үстел

Қосылған құн салығы деген? Қосылған құн – тауар мен қызметтерді сатудан түскен түсім мен оған жұмсалған шығындар арасындағы айырмашылық. Мысалы, компания үстел шығарады. Дайын үстелді 10 мың теңгеге сатады. Ағаш пен жиһаз фурнитурасын 4 мың теңгеге сатып алады. Қалған 6 мың теңге – жалақы, салық, амортизация, жарнама, көлік шығындары мен компанияның табысы. ҚҚС жалақы қоры, салық және әлеуметтік төлемдерге салынбайды. Одан қалғанның бәріне салынады және әлгі үстелді сатқанда бюджетке төленеді. Сатушы ҚҚС-ты үстел бағасына қосады, оны сатып алушы төлейді. Егер үстелді өндіруші "көлеңкелі" схемаларға көшпесе немесе жылдық табысы 15 млн-нан төмен болатындай етіп бизнесті бөлшектеп жібермесе, жасанды интеллекттің есебінше, ҚҚС 12-ден 20 пайызға көтерілгенде әлгі үстелдің бағасы шамамен 5 пайызға қымбаттайды.

92 бензині

- Үкімет ЖЖМ мен газ бағасын кезең-кезеңімен ырықтандыруды, сондай-ақ ТКШ және теміржол тасымалы тарифтерін реттеуді бастады, - деді премьер-министр Олжас БЕКТЕНОВ кеңейтілген үкімет отырысында.

Энергетика министрі Алмасадам СӘТҚАЛИЕВ АИ-92 бензинінің бағасы Ресейдегі деңгейге дейін өсетінін хабарлады, яғни 205 теңгеден 290-300 теңгеге дейін қымбаттайды.

Сәтқалиев жыл қорытындысы бойынша елдегі ішкі нарықта жанармай тапшылығы бар екенін, сонымен бірге "сұр" экспорттың өршіп тұрғанын мәлімдеді, яғни біздің арзан бензин шетелге заңсыз шығарылуда.

- Біз автокөлікпен экспорттауға тыйым салғаннан кейін елдегі жанармай қорының бірден 20 күннен 45 күнге дейін ұлғайғанын байқадық, - деді министр. - Бұл бұрын "сұр" схемалар арқылы шығарылған көлемді көрсетеді. Енді теміржол көлігімен тасымалдауға тыйым салудан да осындай нәтиже күтеміз.

Электр энергиясы

Электр энергиясының жаңа тарифтері бірқатар өңірлерде 1 ақпаннан бастап енгізіледі.

- Біз электр станциялары үшін шекті бағаларды жарияладық, олар өз тарифтерін осы диапазонда белгілеуі керек. Біз көтерме бағаның 20%-дан астам өсетінін айтып отырмыз. Бірақ бұл станциялардың түпкілікті тұтынушылары үшін тариф бір киловатт-сағатқа шамамен екі теңгеге өзгеруі мүмкін. Барлық 62 өндіруші емес, шамамен 30 өңірлік ЖЭО ғана тарифтерін қайта қарауға өтінім берді.

Ал тауарлық газ бағасының алғашқы қымбаттауы биыл жазда күтілуде.

Фото: © Ratel.kz / Ольга Воронько.

Аударған А.Олжаев.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Министр внутренних дел РК
Назрела необходимость ограничения времени реализации спиртного в развлекательных заведениях. В указанных объектах в опьянении совершено более 1 400 преступлений, в том числе три убийства.
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
МВД Казахстана закручивает пробки на рынке алкоголя
Что стоит за попыткой ужесточения продаж алкогольных напитков?
Индрик-зверь: Что известно о монстре, затмившем динозавров на территории Казахстана
Занимательная история от Андрея Михайлова
Судмедэксперты по делу Bek Air: при «тысячекратных перегрузках» человек может выжить
В Алматы продолжаются слушания по делу о катастрофе самолета Fokker-100
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Мечты казахстанцев о квадратных метрах «уходят» в область фантастики
Разбираемся к чему приведет повышение базовой ставки до 18%
Куантай Абдимади: Мужчина имеет право быть слабым
Актер о страхах, ролях и жизни между аулом и большим экраном
Трансформация ШОС – альтернатива «старым правилам»?
Константин Сыроежкин: Необходимо научиться ощущать себя суверенным государством
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента