Дипломат Сәкен Мамаш 10 жыл бойы әйелін сабап жүр ме?

3388 просмотров
0
Ратель
Вторник, 07 Мая 2024, 16:00

Әйел өзіне және балаларына қауіп төніп тұрғанын хабарлап, Қазақстан үкіметінен көмек сұрады

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшінің кеңесшісінің әйелі Карина МАМАШ күйеуінің жүйелі түрде ұрып-соғатынын айтып, шағымданды.

Бұл туралы “НеМолчи” қорына сілтеме жасап Stan.kz хабарлады

Әйел 10 жыл бойы зорлыққа шыдап келе жатқанын жеткізді. Ол өзіне және балаларына қауіп төніп тұрғанын хабарлап, Қазақстан үкіметінен көмек сұрады.

“Біріккен Араб әмірлігіндегі елшінің кеңесшісі МАМАШ Сәкен Тәшкенбайұлының жұбайымын. 10 жылдан бері зорлық-зомбылыққа ұшырап келе жатқанымды мәлімдеймін. Күйеуімнің маған жасаған барлық қиянаты үшін дипломатиялық мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Физикалық, жыныстық, эмоционалдық, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауап беруге тиіс", – деді Карина. 

Читайте также
Африкалық футболшы қазақ қызымен екі жыл кездескенін айтты

Ал “НеМолчи” қоғамдық ұйымы Қазақстан үкіметінен әйелді қорғауды талап етіп, оны қайтадан балаларымен қауыштыруды сұрады. 

“Біз әйелдің қауіпсіздігін және балаларымен Қазақстанға қайта оралуын талап етеміз. Жарын жүйелі түрде азаптағаны үшін шенеунікті барлық өкілеттіктерінен айырып, қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраймыз. Мамаш Сәкен Тәшкенбайұлы өзінің байланыстары мен әкімшілік ресурстарын пайдалануы мүмкін. Бұл фотолар мен видеолар азаптаулардың дәлелі. #НеМолчи қоғамдық ұйымы ел президентіне, Ішкі және Сыртқы істер министрлігіне ашық үндеу жариялайды! Зорлаушының үстінен қылмыстық іс қозғау керек. Ал Каринаға бөтен елде қауіп төніп тұр. Оған өз балаларымен қауышуына мүмкіндік жасап, баспана әперу керек”, – деп хабарлады қоғамдық ұйым.

Аталған мәлімдемеге, сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек СМАДИЯРОВ жауап берді, 

“Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл қайтарып жатырмыз. Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысады”, – деді ресми өкіл.

Фото: “НеМолчи” қоры. 

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Ормуз снова горит: один снаряд у Катара - и мир снова считает цену нефти
Даже небольшой удар по судну у берегов Катара вновь напомнил миру, насколько хрупкой остается безопасность главного энергетического маршрута планеты
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Мурат Абдушукуров: Высшая форма патриотизма – посвятить жизнь служению Родине
Во время Кантара ветераны Афганистана и локальных конфликтов организовали охрану больниц и патрулирование в Алматы
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай