"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың АЕК-ке дейін ұлғаяды

1186 просмотров
0
Ратель
Среда, 26 Апр 2023, 12:00

Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында берілетін бюджеттік кредит көлемі 2,5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайтылмақ. Бұл туралы Сенаттың "Өңір" депутаттық тобының отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Алматыда балаларды тегін үйірмелерге тіркеу қашан басталады

"Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында несиенің ең жоғары мөлшері 1 500 айлық есептік көрсеткіш болса, енді оны ұлғайтуға қатысты іс-шара көзделіп отыр. Яғни, бюджеттік кредит көлемін 2 000-2500 айлық есептік көрсеткішке дейін, ал көтерме үстемақыны 100 АЕК-тен 200 АЕК-ке дейін 2 есе ұлғайту бойынша ұсыныстар жинау тапсырмасы берілді. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол ауылдық жерлердің инфрақұрылымдық мәселелерін шешу құралдарының бірі "Ауыл ел - бесігі" жобасы болғанын атап өтті.

"Бұл жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатыр. Сол 2019-2022 жылдардың аралығында 1 031 ауылдық елді мекенде 3700-дей жоба іске асты. Жалпы, 326 млрд теңге қаржы игерілді. 2023-2025 жылдары бюджеттен трансферттерді қарау кезінде жыл сайын 102,2 млрд теңге бөлу қарастырылды", - деді Бауыржан Омарбеков.

Фото: gov.kz.

 

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
В Астане школьники самостоятельно вывели цыплят из инкубатора