Дүркіреген “Газпром” еді. Тазпром болды…

2963 просмотров
0
Ратель
Суббота, 15 Мар 2025, 13:30

“Газпромның” тағдыры Путиннің оңбай қателескенін көрсетті

Читайте также
Ресей “өлім экономикасымен” өмір сүре бастады

Ресейдің аса ірі газ монополисі “Газпром” ауыр дағдарысқа ұшырады. Ол Еуропадағы негізгі нарығынан айырылып қалды, деп жазады Reuters. Компания миллиардтаған шығындарға батып, қызметкерлерін жаппай қысқартып, енді өзінің элиталық кеңсе ғимараттарын сатуға мәжбүр.

Осыдан 11 жыл бұрын “Газпром” басшысы Алексей МИЛЛЕР “Еуропа болашақта Ресей газына барған сайын тәуелді бола түседі” деп бөскен. Алайда Ресейдің Украинаға басып кіруі мен халықаралық санкциялардан кейін керісінше жағдай туды: Еуропа Ресей газынан бас тартып, “Газпромды” негізгі табысынан айыра салды.

Енді бизнесін дамытудың орнына орыс компаниясы активтерін сатуға мәжбүр, кезінде ең табысты саналатын экспорттау бөлімінде қысқарту жүріп, онда енді бірнеше адам ғана қалды. Reuters мәліметінше, қалған қызметкерлер қазір тек шығындарын өтеу мен бұзылған келісімдер үшін өтемақы талап еткен еуропалық бұрынғы сатып алушылармен соттасуда.

“Газпромның” Еуропа нарығынан айырылғаны ауыр болды: компанияның мыңдаған қызметкері жұмыссыз қалуы мүмкін.

Компания басшылығы атақты “Лахта-центр” ғимаратында отырған 1500 жұмыс орнын қысқартуды мақұлдады, бұл ғимарат “Газпромның” Санкт-Петербордағы басты символы еді. Енді оның өзі де сатылып кетуі мүмкін.

Читайте также
Ресей қоғамы қылмысқа тұншықты. Бұл әлі басы ғана

Батыс санкциялары “Газпромды” жүндей түтті. Сарапшылардың пікірінше, Еуропа нарығынан айылырғаннан кейін компанияның ес жиюы мүмкін емес. Еуропа Ресей газынан толық бас тартып, АҚШ, Қатар және Норвегия сияқты балама жолдарды тауып алды. Қытай “Газпромға” шығындарын өтеуге көмектесе алмайды: бағалар төмен, көлемдер жеткіліксіз. Еуропалық компаниялармен соттасуы тағы миллиардтаған шығындарға әкелуі мүмкін.

“Газпром” кезінде Кремльдің Еуропаға әкіреңдеуіне мүмкіндік беретін құралдарының бірі болған, енді Ресей бұл тетігінен айырылды. “Газпромның” оңбай сүрініп, батпаққа бетпен құлағаны – Ресей экономикасына жасалған тағы бір ауыр соққы.

Фото: Kursiv.Media.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Сергей Пономарёв: Роспуска Мажилиса и досрочных выборов не будет
Депутат Мажилиса Республики Казахстан о планах работы парламента в новом году
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Народная дипломатия без протокола: второй путь Казахстана во внешней политике
Почему народная дипломатия становится ключевым инструментом международного взаимодействия Казахстана