
Бонустық бағдарламалар клиенттердің өмір салтына бейімделуде
Бонус карталары сөмкенің түбінде керексіз боп жатушы еді, ондай заман енді артта қалған сияқты. Тұрақты тұтынушыларға бағытталған бағдарламалар енді клиентке шын мәнінде пайда әкеле бастады – қарапайым, ыңғайлы және технологиялық жетілген. Оның бір мысалы – Qazaq Oil компаниясы 2023 жылдан бастап қолдана бастаған Vlife бонустық бағдарламасы.
Vlife не береді, несімен ерекшеленеді?
Көзге бірінші түсетіні – ыңғайлы және құрылымы түсінікті етіп жасалғаны. Бағдарлама App Store мен Google Play-ден немесе компанияның ресми сайтынан жүктеп алуға болатын ыңғайлы мобильді қосымша арқылы жұмыс істейді. Қосымшада берілген бонустарды бақылауға, оны пайдалануға, ең жақын жердегі жанармай құю стансасын табуға және жеке ұсыныстар алуға болады.
Бағдарламаның негізгі артықшылықтары:
- Балл жинау және пайдалану шарттарының ашықтығы;
- Бекеттердің картасы бар ыңғайлы мобильді қосымшада жаңа акциялар туралы хабарламалар келеді;
- Достарыңызды шақырғаныңыз үшін бонустар бар;
- Автоқызметтер, мейрамханалар, түрлі сервистер мен басқа да ұсыныстарға арналған арнайы серіктестік жеңілдіктер.
Бағдарламаға тұрақты қатысушылар үшін мынадай игіліктер анық бар:
- Белсенді клиенттерге арналған жоғары бонустық коэффициент;
- Көрінген аттыға беріле бермейтін ішкі акциялар мен арнайы ұсыныстарға қатысу;
- Бонустарды тек жанармайға емес, тауар мен қызметтерге айырбастау мүмкіндігі;
- Гаджеттер, саяхаттар, тіпті автокөліктер ұтысына қатысу мүмкіндігі.
Тағы бір маңызды жайт: Vlife қолданушының өмір салтына бейімделеді. Егер сіз трассаларда жиі жүрсеңіз – кофе мен автохимия жағынан ұсыныстар көбірек болады. Егер сіз үнемі бір жерден жанармай құйсаңыз – бағдарлама бұл әдетіңізді ескеріп, жеке бонус ұсынады. Мұнда бәрі Сізге негізделген, “баршаға арналған” тегін тарату емес.
Тағы бір артықшылық – бонустарды тек өзіңіз ғана емес, жақындарыңыз да пайдалана алады. Біреулер бонусын тауар мен жеңілдіктерге айырбастаса, енді біреулер ағаш отырғызу немесе қайырымдылық жобаларын қолдауға жібереді. Бұл – міндетті емес, бірақ қажет деп санайтындар үшін мұндай мүмкіндік берілген.
Адамға бағытталған технология
Vlife қосымшасында артық функциялар жоқ, тіркеуі тез және келісімсіз push-хабарламалар жібермейді. Бұл – пайдалы минимализм: станциялар картасы, баланс, акциялар, техникалық қолдау – бәріне бір рет басып кіресіз.
“Бірінші рет досымның кеңесімен Qazaq Oil-дан жанармай құйдым – енді басқа жерге барудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Баллдар шынымен әділ жұмсалады, “жасырынған” шарттар жоқ”, - дейді алматылық кәсіпкер Тимур.
“Жиналған бонустарымды Түркістан облысында ағаш отырғызуға аудардым. Болмашы нәрсе сияқты көрінсе де, мені іштей қуантады”, - дейді Сәуле есімді шымкенттік мұғалім.
Vlife жасанды интеллект пен big data аналитика элементтерін енгізе отырып, дамып келеді. Бұл клиенттерге нақты ұсыныстар мен кеңестер беруге мүмкіндік жасайды.
Компанияның айтуынша, жақын арада артықшылықтардың жаңа деңгейлерін іске қосып, серіктестер тізімін кеңейту жоспарлануда. Бұл Vlife бағдарламасына қатысуды бұрынғыдан да тиімді және қызықты етеді.
Фото: Qazaq Oil.
ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!