Экология министрі Тоқаевтан сөгіс алғаннан кейін киікке қатысты кеңес өткізді

1782 просмотров
0
Ратель
Пятница, 15 Июл 2022, 11:15

Серікқали Брекешев ауыл шаруашылығы министрлігі киіктер келтірген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге залалды өтеу мәселелерін қарау қажеттігін атап өтті

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев киік популяциясын басқарудың жаңа тәсілдерін қарау мәселесі бойынша кеңес өткізді.

Читайте также
Нұр-Сұлтанда оқушылар бірыңғай форма киюге міндеттелді

Оған ғылыми ұйым мүшелері, мүдделі мемлекеттік органдар, сондай-ақ аңшылардың қоғамдық бірлестіктері қауымдастықтары қатысты.

"Зоология институты мен Қазақстанның биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының өкілдері әр популяцияның оңтайлы санын анықтау, тиімді мониторинг және тұрақты басқару үшін Қазақстандағы киік популяциясы ареалындағы экожүйелерді кешенді бағалау бойынша терең ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ұсыныс айтты", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ жиында Серікқали Брекешев ауыл шаруашылығы министрлігі киіктер келтірген зиянды есептеу әдістемесін әзірлеу және фермерлерге залалды өтеу мәселелерін қарау қажеттігін атап өтті.

Еске сала кетейік, кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында киік санын реттеу мәселесін шуға айналдырған экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке сөгіс жариялады.

"Табиғи ландшафтан сексен мың киікті өлтіру мәселесі жайлы айтылып отыр. Бірақ мұның басқа да әдістері бар. Мамандармен ақылдасыңыздар, бұл енді соңғы шара ғой. Бұл шараны қолдануға тура келетін шығар, оны жоққа шығармаймын. Бірақ қайталап айтамын, бұл соңғы шара", - деді мемлекет басшысы.

Президент киік қазақ үшін қасиетті жануар екенін атап өтті.

Sputnik.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд