Экологтер Үлкен Алматы көліне баратын жолды жауып, туристерді тек экологиялық көлікпен апаруды ұсынды

1583 просмотров
0
Ратель
Суббота, 09 Сен 2023, 14:00

Жолдың жабылуы қоршаған ортаға пайдалы болды

"Жасыл құтқару" экологиялық қоғамы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы, Іле-Алатау ұлттық сабағының директоры мен Алматы қаласының әкіміне ашық хат жолдады. Онда Іле-Алатау ұлттық паркінің Үлкен Алматы шатқалындағы жағдай айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Читайте также
Қытайлық компания Қазақстанның мұнай-газ саласында жаңа жобаларға қатыспақ

Ашық хатта қоғам мүшелері 2020 жылы жөндеу жұмыстарына байланысты Үлкен Алматы көліне баратын жол жабылғанын, алайда, бүгінге дейін ешқандай жол жөндеу жұмыстары жасалмағанын жазды.

"2020 жылдың наурыз айында бірнеше учаскеде шұңқырлар мен опырылымдар пайда болуына байланысты ҮАК-ға баратын жол жабылды. Ол жолмен жүру автокөліктің барлық түрі үшін қауіпті болды. Үш жыл бойы туристер ҮАК-ға тек жаяу бара алды. Сондай-ақ бұл жылдары жолмен жүру шектеулі болды, яғни көлдің жанында орналасқан ұйымдардың қызметкерлері ғана жүре алады. Автожол ҚазАвтоЖолға қарайды. Екі жыл бойы компания жолды қайта құру жобасын әзірледі. 2022 жылдың көктемінде қоғамдық тыңдау өтті. Жөндеу жұмыстары 2 жылдан соң аяқталуы керек болатын. Алайда, осы уақытқа дейін жол жөндеу жұмыстары тіпті басталған да жоқ", - деп жазады қоғам мүшелері.

Алайда, жолдың жабылуы қоршаған ортаға пайдалы болды.

Көп туристердің, қоқыс пен шудың жоқтығын пайдаланып көлдің жағасына жабайы жануарлар түсе бастаған.

Сондай-ақ шектеулі түрде болса да туризм ақырындап дамып жатты. Жаяу туристер сонда да көл мен оның айналасына келіп жүрді.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

"2023 жылы күтпеген жерден көлге баратын жол ашылды. Ал жол әлі жөнделмеген әрі қауіпті күйінде қала берді. Оның үстіне өткен жылдар ішінде беткейде шұңқырлар мен опырылған жерлер молая түскен. Кей жерлерде жол бір жолаққа дейін тарылған. Бір апта ішінде көлге хаос қайта оралды. Келушілер тар жолда бірнеше сағаттық ұзын-сонар кептелісте тұра бастады. Бірнеше күнде мұнда бірнеше жол апаты болды, адамдар зардап шекті. Таулы шатқалдың экожүйесі күшті рекреациялық жүктеме, шу, автокөлік газы мен қоқыстан қайта зардап шеге бастады. Сондай-ақ мұнда көп турист үшін жағдай жасалмаған. Іле Алатауы інжу-маржаны саналатын Үлкен Алматы көлінің тағдырына бей-жай қарамайтындардың атынан көлге баратын жолды шектеуді талап етеміз. "Медеу-Шымбұлақ" автожолында жасалғандай, адамдарды қоғамдық экологиялық көлікпен көлге тасымалдау қажет", - деп мәлімдеді "Жасыл құтқару" экологиялық қоғамының мүшелері.

Экологиялық қоғам Үлкен Алматы көлінің жанашырларын үндеуді қолдауға шақырып, әркім eotinish.kz порталы арқылы өз атынан хатқа қол қойып, жібере алатының хабарлады.

Айта кетейік, Үлкен Алматы көлі - Іле Алатауы мен Қазақстанның басты көрікті жерлерінің бірі.

Ол Алматыдан 15 шақырым қашықтықта Іле-Алатау ұлттық паркінің аумағында орналасқан.

2014 жылы "Алматы қаласының шекарасын өзгерту" туралы президент Жарлығымен Үлкен Алматы шатқалының бір бөлігі қаланың әкімшілік шекарасына берілген болатын.

Фото: x-travels.ru.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента