Экономикалық көрсеткіштер бойынша көш бастап тұрған өңірлер аталды

1561 просмотров
0
Ратель
Вторник, 11 Окт 2022, 13:30

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсуі былтырдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызды құрады

Құрылыс саласының өсу қарқыны жоғары деңгейде. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Читайте также
Ажар Ғиният ауылдарда жиі кездесетін ауруларды атады

"Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты өсуі былтырдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызды құрады. Нақты сектордың даму қарқыны жақсы. Өңдеу өнеркәсібінде өсім – 4,6%. Машина жасау саласында – 7,5%, оның ішінде автомобиль жасауда – 18%. Химия өнеркәсібінде – 11%, жеңіл өнеркәсіпте – 10%, металлургияда - 5% және мұнай өңдеуде 4% өсім тіркеліп, оң динамика байқалып отыр", - деді Ә. Смайылов.

Сонымен қатар Үкімет басшысы құрылыс саласының өсу қарқыны жоғары екенін, бұл тұрғыда 5,1% құрағанын айтты. 10,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.

"Ауыл шаруашылығында өсу қарқыны жоғары –шамамен 7%. Қызмет көрсету секторы 2 пайызға өсті. Сауда – 4 пайыздан астам, көлік 5 пайызға және байланыс 7 пайызға жуық өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 7 пайызды құрады. Оның ішінде білім беру, сауда, құрылыс салалары мен тау-кен өнеркәсібінде көрсеткіштер жоғары. Өңірлер арасында 9 айдағы негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары көш бастап келеді", - деді премьер-министр.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд