Елімізде бизнеске жүктемені азайтудың жаңа тетіктері іске асырылады

1285 просмотров
0
Ратель
Среда, 08 Ноя 2023, 13:30

Ұсынылып отырған заң жобасында 10 салада жедел ден қою шараларын қолдану тетіктері айқындалады

Читайте также
Газадағы 76 қазақстандық елге қашан оралады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Kazinform

Заң жобасы арқылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайын жақсартуға, мемлекеттік бақылау жүйесін ретке келтіруге, оларды жүргізудің ашықтығына кепілдік беруге, сондай-ақ бизнеске жүктемені азайтуға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет мүдделерінің теңгерімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

- 2021 жылғы 30 желтоқсанда кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеушілік саясат мәселесі бойынша заң қабылданды. Үкімет қабылдаған заңды іске асыру мақсатында кәсіпкерлік саласында «таза парақтан» реттеуді енгізу жөніндегі жұмысты екі бағытта жүргізіп жатыр. Біріншіден, мемлекеттік бақылаудың жаңа жүйесін енгізу. Ал екіншіден, бизнес үшін маңызды емес талаптарды қысқарту есебінен әкімшілік жүктемені азайту. Мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін реформалау аясында бизнесті жазалаудан құқық бұзуға жол бермеуге көшу көзделген. Заңды іске асыру мақсатында 326 түзетуді қамтитын заң жобасы әзірленді. Түзетулер бақылау мен қадағалау нысандарын ретке келтіруге, қадағалау салаларындағы жедел ден қою шараларын тек заңнамалық деңгейде регламенттеуге бағытталған, - деді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, жекелеген салалық заңдарда жедел ден қою шараларын қолданудың шарттары мен тәртібі белгіленбеген.

Читайте также
Президент Димашқа тазының күшігін сыйлады

Осыған байланысты ұсынылып отырған заң жобасында заңдар деңгейінде мынадай 10 салада жедел ден қою шараларын қолдану тетіктері айқындалады:

  1. халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;
  2. өсімдіктер карантині;
  3. сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
  4. сауда мақсатында теңізге шығу;
  5. ішкі су көлігі;
  6. жануарлар дүниесін қорғау, өсімін көбейту және пайдалану салалары;
  7. өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы;
  8. орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, орман өсіру саласы;
  9. ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласы;
  10. атом энергиясын пайдалану саласы.

- Жедел ден қою шараларын қабылдау мемлекеттік органдарға құқық бұзу деректеріне заң жүзінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бизнес субъектісінің кінәсінен халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін қоғамдық қауіпті қолайсыз жағдайларды болдырмауға ықпал етеді, - деді министр.

Мұнымен қоса ол бизнес үшін өзекті емес талаптарды қысқарту арқылы әкімшілік жүктемені азайту мәселесіне тоқталды.

- 2022 жылы барлық мемлекеттік органда салалық жұмыс топтары реттеудің 44 саласы бөлінісінде құрылды. Нәтижесінде жұмыс топтары 128 мыңнан артық талаптар анықталған 44 саладағы 2823 нормативтік-құқықтық актіні талдады, олардың ішінде 10 мыңнан астамы жаңа реттеуші саясаттың базалық шарттарына сәйкес келмейді. 10 мың өзекті емес талаптардың ішінен 9 мыңы қазірдің өзінде заңға тәуелді құжат деңгейінде алынып тасталды. Қалған талаптар осы бизнес жүргізу жөніндегі заң жобасына енгізілген түзетулердің бірыңғай пулы аясында жойылып жатыр. Бірыңғай пул кәсіпкерлік қызметті жетілдіруге бағытталған 51 заңнамалық актіге 386 түзетуді қамтиды. Кәсіпкерлік қызметті реттеудегі жаңа тәсілдерді іске асыру бизнеске түсетін жүктемені түбегейлі жеңілдетуге және іскерлік белсенділікті серпінді дамытуға мүмкіндік береді, - деді Ә. Қуантыров.

Фото: Виктор Федюнин / Kazinform.

Оставьте комментарий

Регистрация для комментариев:



Депутат мажилиса
Я за стабильность. Именно за настоящую, а не декоративную. Но стабильность – это не когда одних и тех же лиц пересаживают из кресла в кресло. Это не стабильность, это круговорот должностей в природе. Если после такого резонансного скандала люди без публичной оценки, без внятных выводов снова оказываются в системе, это говорит не об устойчивости, а о том, что ответственность у нас всё ещё носит временный характер. Сегодня ушли, завтра вернулись. Стабильность так не строится, - опубликовано на Informburo.kz
Серик Буркитбаев: Вода - это суверенитет
Почему идея поворота сибирских рек опасна для Казахстана и какой водный сценарий эксперт считает стратегически верным
Для Казахстана, Кыргызстана и Таджикистана ОДКБ – механизм, призванный предотвращать внутреннюю дестабилизацию
Для Минска ОДКБ выступает институтом, укрепляющим военно-политическое сближение с Москвой
Командный шаг Президента: что меняет назначение Айбека Смадиярова
Впервые во главе внутренней политики оказался кадровый дипломат и медийщик
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
КазМунайГаз – аэропорты Казахстана не готовы к переходу на «зелёное» авиатопливо
До чего довели дискуссии вокруг возможного перехода с традиционного авиационного топлива на SAF
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером