Еуропа санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын болдырмау мәселесін талқыладық - Тоқаев

1883 просмотров
0
Ратель
Четверг, 27 Окт 2022, 17:30

30 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан тартылған инвестиция көлемі 160 миллиард доллардан асқан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишель келіссөздерден кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Читайте также
Қаңтар оқиғасы: Сенат рақымшылық туралы заңды қабылдады

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес президенті Шарль Мишельдің Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келіп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ, бұл біз үшін үлкен мәртебе екенін айтып, өзінің шақыруын қабыл алғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді.

"Келесі жылы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толады. Сондықтан, Шарль Мишель мырзаның сапары осы мерейлі меже қарсаңында өтіп отырғаны ерекше қуантады. Біз бұл сапарға айрықша мән береміз. Президент Мишельдің Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосып отырған сүбелі үлесін жоғары бағалаймыз. Біз екіжақты ықпалдастығымызды жаңа сапалы деңгейге көтеру үшін кең ауқымды әрі мазмұнды келіссөздер жүргіздік. Кездесуіміз өзара сенім және түсіністік рухында өтті. Біз мазмұнды саяси диалогтің қарқынын одан әрі күшейтеміз деп уағдаластық. Сондай-ақ, Кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім аясындағы стратегиялық әріптестігімізді нығайтуға ниетті екенімізді растадық", - деді Қазақстан президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Одақтың Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті. 30 жыл ішінде Қазақстанға Еуропадан тартылған инвестиция көлемі 160 миллиард доллардан асқан. Ал, биылғы 8 айда Қазақстан мен Еуропалық Одақ елдері арасындағы тауар айналымы 43 пайызға өсіп, 26 миллиард долларға жетті.

Читайте также
Әйелдердің 61 жаста зейнетке шығуын бекітетін заң жобасы мақұлданды

Мемлекет басшысы Шарль Мишельмен кездесу барысында энергетика, "жасыл" экономика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика салаларындағы іс-әрекетімізге оң баға бергендеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, тараптар өзара тиімді іс-әрекетімізді одан әрі күшейту үшін бірлесе күш-жігер жұмылдыруға келіскен.

"Әсіресе, аса маңызды шикізатты тасымалдау және "жасыл" сутегі энергетикасын дамыту мәселесінде мол мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар, халықаралық көлік дәліздерін дамытудың маңыздылығын атап өттік. Бұл – қазіргі геосаяси жағдайда өте өзекті мәселенің бірі. Сондай-ақ, Еуропалық Одақтың "Транскаспий халықаралық көлік бағытын" қолдау мүмкіндігін қарастырдық. Бұдан бөлек, Еуропа санкцияларының Қазақстан экономикасына ықпалын болдырмау мәселесін талқыладық", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: Акорда.

Оставьте комментарий

Политолог
«Введение еще одной новой должности, видимо, должно стать своего рода „серебряной медалью“, поскольку ее обладатель становится своего рода заместителем президента (вице-президентом — Ред.)».
ШОС не обязывает автоматически вступать в войну на стороне другого участника
ШОС как внешнеполитическая экология
«Дождь из стрел»: казахстанцы вошли в число лучников на Великом курултае в Венгрии
Как в Казахстане можно пятнадцать лет не исполнять решение суда
Почему выиграть суд ещё не означает добиться восстановления нарушенного права
Meta заплатит до $17,1 млрд по делу о безопасности детей, катастрофа в Непале и пёс над вулканом
Главное в мире: обзор СМИ
Суд поставил точку в деле бывшего главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой
Миллионы через ИП и зарплаты наличными
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай