Ішіп алып, көккөз жерлесіне "Ресейге кет" деген қаракөз сотталды

1492 просмотров
0
Ратель
Суббота, 20 Июл 2024, 09:00

Бірақ жазасын өтеу төрт жылға кейінге қалдырылды

Қостанайда тұратын 30 жастағы Михаил ГАЛКИН облыстың ішінде тып-тыныш таксовайттап жүрген.

Тобыл қаласында тұратын 42 жастағы Құндызай КЕНЖЕТАЕВАМЕН өмірінде екінші рет сотта кездесті.

Екеуінің бірінші кездесуі биылғы жылдың басында, 6 ақпанда болған. Таксист Галкин күйеуімен бірге көлігіне мінген Кенжетаеваны Қостанайдан Тобылға апарып тастауы тиіс еді. Масаң күйдегі клиенттер көлікке міне сала қазақша амандасса, Галкин олармен орысша амандасыпты. Соған бола арттағылар аузындағы тістелген алмасын жүргізушінің желкесіне атып ұрған.

Читайте также
Түркістан тұрғыны ғашығының төсектегі видеосын туыстарына таратты

Таксист көлікті тоқтатып, клиенттерден түсуін талап етті. Түскеннен кейін бірін бірі жағадан алып, төбелесіп кеткен.

Әйел Галкинге "Ресейіңе қарай қайқай" депті. Дәлелі іске тіркелген бейнежазбада тұр. Ұлтына тиісіп қорлағанын да кездейсоқ куәгерлер естіген екен. Полиция бөлімшесінде жеткізілген соң да Кенжетаева ұлтқа бөлінуін қоймай, "оны емес, мені жақтаңдар" дегендей қылған. 

Сот отырысының басында Кенжетаева кінәсін мойындамағанымен, ақыры өз кінәсін толық мойындады. Моральдық және материалдық шығынды өтеп берді.

Сол себепті іс жеңілдетілген тәртіппен қаралды.

Прокурор Кенжетаеваны үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрап, ұлтараздықты қоздыру, ұлттық белгісі бойынша адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлау ауыр қылмыс деп мәлімдеді. 

"Сот үкімімен сотталушы үш жылға бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөліміне сәйкес кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазасын өтеу төрт жылға кейінге қалдырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Фото: © Ratel.kz / Ярослава Богатырева.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
Рехабы без правил: кто и как «лечит» зависимых в Казахстане
Клинический психолог Галия Назханова объясняет, почему реабилитационные центры остаются в «серой зоне»
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Десятки обманутых: как продавали несуществующие квартиры в Алматы
Попцов получил 10 лет, но потерпевшие требуют привлечь Асель Садыкову
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд