
Құрылымда IT-мамандар жұмылдырылуы мүмкін екен
Ішкі істер министрлігі құрылымында киберқылмысқа жеке құрылым болады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ айтты.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізген болатын. Онда киберқылмысқа баса назар аударылды. Сондықтан аталған ведомство құрылымында жеке құрылым бөлініп шығады деген ойдамыз", - деді Ү. Шапақ паламент мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бұл ретте ол аталған құрылымда IT-мамандар жұмылдырылуы мүмкін екенін айтты.
"Олар тек киберқылмыспен айналысады. Мен нақты айта алмаймын. Бірақ онда IT-мамандығы бойынша мәселе көтеріледі", - деді депутат.
Фото: Pexels