Ұялы телефон ұрлығынан қалай сақтануға болады

1274 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 18 Дек 2023, 13:00

Оңай жолмен ақша табуды көздеген азаматтар ұрлауға да, сатуға да оңай қалта телефондарын жымқыруды әдетке айналдырған

Читайте также
Қазақстан түйе еті өнімдерін Жапония нарығына шығаруы мүмкін

Елімізде қазір ұрлық қылмысының ішінде ұялы телефон ұрлығы көп тараған. Бұл тұрғындарға елеулі зиянын тигізеді. Одан сақтану жолы қандай? Kazinform аталған тақырыпқа байланысты Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ілияс ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ кеңесіне назар аударды.

Оңай жолмен ақша табуды көздеген азаматтар ұрлауға да, сатуға да оңай қалта телефондарын жымқыруды әдетке айналдырған. Олар өз ойын адам көп шоғырланған орындарда, сауда үйлері мен қоғамдық көліктерде жүзеге асырады.

"Ұялы гаджетті қоңырау шалуға сұрап, ашықтан-ашық алып кететін жағдайлар да тіркелуде. Бейтаныс адамдарға ұялы телефонды ұсынудан аулақ болыңыздар. Және смартфонға құпия код орнатып, киіміңіздің алдыңғы қалтасында сақтаңыз. Егер аталған қылмыстың құрбаны болған жағдайда, мүлкіңізді қайтару үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз. Телефон ұрлығы туралы, полиция бөлімшесіне хабарлаңыз. Мүліктің сізге тиесілі екенін растайтын құжаттар мен чекті, кепілдік талоны мен телефон қорабын алуды ұмытпаңыз. Жеке IMEI кодыңызды есте сақтаңыз. Оны телефондағы құжаттардан білуге болады. Осы код арқылы полиция ұрланған смартфонды іздейді. Ұялы байланыс операторына ұрлық туралы хабарлап, нөміріңізді бұғаттаңыз", — деді Ілияс Жұмағұлов.

Полиция маманы банк қызметкерлерімен байланысып, картаңызды құлыптау қажеттігін айтады. Оған қоса поштаңыз бен әлеуметтік парақшалардың құпия сөзін ауыстырған абзал.

"Қолданған ұялы телефондарды сату бойынша жақын маңдағы дүңгіршектерді шолып шығыңыз. Әдетте, тәжірибесі аз ұрылар телефоннан тезірек құтылудың амалын іздейді. Аталған қылмыстың алдын алу үшін, сақтық шараларын бұлжытпай орындап, қырағы болғандарыңыз дұрыс", — деп толықтырды Ілияс Жұмағұлов.

Еске салсақ, бұдан бұрын аязды күндерде қандай қауіпсіздік ережесін сақтаған жөн екендігі жайында кеңес берілді.

Фото: ria.ru.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай