Каскадёр Ербол Семқұлов Бакуде қазақстандық "Алға" фильмін ұсынды

1818 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 12 Дек 2022, 10:30

10-11 желтоқсан күндері Баку тұрғындары "Низами" кинотеатрында қалың көпшілікке ұсынылған қазақстандық екі фильмді тамашалады

Қазақстанның Әзербайжандағы мәдениет күндері аясында актер, Nomad Stunts кәсіби каскадері Ербол СЕМҚҰЛОВ пен Иван АРДАШЕВ отандық спорттық драма "Алға" фильмі мен анимациялық "Кенже қыз" фильмінің көрсетіліміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

10-11 желтоқсан күндері Баку тұрғындары "Низами" кинотеатрында қалың көпшілікке ұсынылған қазақстандық екі фильмді тамашалады. Қазақстандық туындыны көруге келгендер іс-шараны ұйымдастырушылармен және актерлармен тілдесу мүмкіндігіне ие болды.

Читайте также
Асхат Аймағамбетов: Колледж студенттерінің жеке бизнес ашуына мүмкіндік беріледі

Қазақстандық кино күндерінің ашылу рәсімінде ҚР Елшісі Сержан ӘБДІКӘРІМОВ соңғы жылдары еліміздің киноиндустрияны дамытуға зор күш салып жатқандығын атап өтті.

Дипломат Қазақстанның Әзербайжандағы күндері аясында еліміздің фильмдерінің көрсетілуі бауырлас елдер арасындағы байланысты нығайтатынына сенім білдірді.

Қазақстандық кино күндерінің алғашқы күнінде Иван Ардашовтың "Кенже қыз" фильмі Баку тұрғындарының ықыласына бөленді.

Мультипликациялық туындыда кездейсоқ қиял әлемінен табылған кішкентай қыздың үйіне оралу үшін зұлымдықпен қалай күрескені баяндалады.

Иван Ардашевтің сөзінше, фестивальді ұйымдастырушылар Бакуге екі ел арасында шығармашылық және дипломатиялық қарым-қатынастар қалыптастыру үшін келген.

"Кино мен анимация саласында бізге ұқсас, ортақ құндылықтар көп және оларды насихаттай берген жөн. Сондай-ақ айырмашылықтар да бар, оларды әсіресе екі ұлттың тілінде әңгімелескенде ерекше қызық болып шығады. Біз осындай құндылықтар арқылы екі елдің байланыстары мен қарым-қатынасын одан әрі нығайтып, бірлескен өнімдер шығаруға болатынын көрсету үшін келдік", - деді жас режиссер.

Ол осы уақытқа дейін 5 қысқаметражды фильм мен 1 сериал түсіргенін, алдағы уақытта командасы "Қорқыт ата" атты толыққанды жаңа анимациялық фильмнің жобасымен айналысып жатқанын атап өтті.

Екінші күні киносүйер қауым "Алға" фильмінің драмалық сюжетін тамашалады. Бас рөлдерді актерлер, Nomad Stunts кәсіби каскадерлары Жандос Айбасов пен Ербол Семқұлов ойнайды.

Фильмде өздерінің өмірін спортпен байланыстырып, кенеттен тағдырдың жазуымен істі болып кете жаздаған қарапайым екі ауыл баласының өмірі баяндалады.

Читайте также
Қоғамдық бақылауды жүргізуге кімдер жіберілмейді

Ерболдың сөзінше, фильм авторлары жастарға шын ниет болса ойлағаныңа жетуге болатынын, ең қиын деген арманның өзі орындалатынын ұғындыру болды.

Жас каскадер фильмді түсіру кезінде дене күшімен көп жұмыс істеу қажет болғанын атап өтті.

"Бізге жақсы дубль түсіру үшін бір әрекетті бірнеше рет қайталап жүгіру қажет болды. Ал менің бәсекелесім нигериялық кәсіби футболшы. Соған қарамастан біз қиындықты еңсердік. Бұған Жандос екеуміздің өзара жақсы қарым-қатынасымыз ықпал етті деп ойлаймын. Біз Nomad Stunts-те 15 жылдан бері каскадер болып жұмыс істеп келеміз",-деді Ербол.

Сондай-ақ ол сөзінде бұрын кәсіпқой бокспен айналысып, ҚР құрамасында футбол ойнағанын атап өтті.

Қазақстанның кино күндері ҚР Мәдениет министрлігінің, Kazakhcinema Мемлекеттік қазақ киносын қолдау орталығы мен Қазақстанның Бакудегі елшілігінің қолдауымен "Низами" кинотеатрында ашылды.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
Brent поднималась до $112,55 после новых атак на Саудовскую Аравию
Удары по нефтяным объектам и аэропортам усилили опасения новых перебоев с поставками с Ближнего Востока
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай