Каспий теңізі жағалаудан алыстап бара жатыр

2381 просмотров
0
Ратель
Четверг, 16 Янв 2025, 15:00

Теңіз кетіп барады

Қазгидрометке қарасты Каспий теңізінің гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының мәліметінше, Каспийде су деңгейі 2006 жылдан бері шамамен 2 метрге төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

- Каспий маңы елдерінің бақылау деректері негізінде теңіздің орташа көпжылдық деңгейі – Балтық жүйесі бойынша – 27,35 метр. Қазіргі уақытта Каспий деңгейі төмендеу үрдісінің ерекше қарқын алғанын байқауға болады. 2006 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі кезеңде ол 1 метр 83 сантиметрге дейін төмендеді. 2023 жылы Каспий теңізінің деңгейі 28,87 метр болды, - дейді Каспий теңізі гидрометеорологиялық зерттеулер басқармасының бастығы Айзат ЕЛТАЙ. 

Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform.

Ал дейді ECOJER қауымдастығы Маңғыстау облысы бойынша аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек ҚОЗЫБАҚОВТЫҢ айтуынша, Каспий теңізінің тоқтаусыз тартылуынан судың тұздылығы артып, улы газдар шығуы мүмкін. 

Бұл теңіздің флорасы мен фаунасына өте зиян. Яғни соның салдарынан су жануарлары қырылып қалуы ықтимал. 

- Каспий теңізіне құйылып жатқан судың 80 пайызы Еділ өзенінен келіп жатыр. Еділден құйылатын су азайғаны анық. Себебі Ресей тарапынан суды көп мөлшерде пайдаланатын қондырғылар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Сондықтан ол жерде теңіз жағасын жуып жатқан 5 мемлекет арасында келісімшарт жасалып, осындай кедергілерді болдырмау керек деп санаймын. Каспийге толыққанды ғылыми зерттеу жүргізіліп, маңайындағы елдермен келісе отырып, теңізді сақтап қалу қажет, - дейді тәуелсіз эколог. 

Фото: Ә. Қозыбақовтың Facebook парақшасынан.

Мемлекет басшысы Каспий теңізін ғылыми зерттеу институтын құруды 2022 жылы тапсырған болатын. Алайда аталған институт әлі күнге дейін құрылған жоқ. 

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, теңіздің таяздануын, биосаналуандығын және экожүйесін зерттейтін ұйым құру жұмысы жалғасып жатыр. 

Каспий теңізінің тартылуы Ақтау қаласында жағалауда орналасқан кәсіпкерлік нысандарға қазірден әсер етіп отыр. 

Өйткені, бұдан 10 жыл бұрын абаттандырылған жағалаудан теңіз шамамен 100 метрге алшақтап кеткен. 

Мұның көзге анық көрініп тұрғанын жергілікті халық та айтады. Ақтау қаласының тұрғыны, құстанушы Қанатбек КЕНЖЕҒҰЛОВ осыдан 4 жыл бұрын теңізде тастың үстінде отырған шағалаларды фотоға түсірген. Ал қазір ол тас жағадан алыста қалып қойған.  

Фото: Қанатбек Кенжеғұлов.

Фото: Қанатбек Кенжеғұлов.

- Өзіміз теңіз жағасында тұрамыз, көріп жүрміз. Соңғы 3-4 жылда тез тартылып бара жатыр. Анық байқалады. Себебі, дәл қазір осы тұрған жерім түгел су болатын. 2021 жылы түсірген су ортасындағы тастың үстіне қонған құстардың фотосы бар. Қазір қарап тұрсаң, сол тас құрғақ жерде қалып қойған. Айналасында су жоқ. Одан бері 4-ақ жыл өтті. Теңіз кетіп барады. Соған алаңдаймыз, - дейді тұрғын. 

Ақтау қалалық әкімдігінің мәліметінше, қазір қаладан жылы жағажайға дейінгі теңіз жағалауында 40 шақты кәсіпкерлік нысан бар. 

“Теңіздің суы тартыла берсе, кәсіпкерлік нысандардың жағдайы не болмақ? Алдағы уақытқа жоспар бар ма?” деген сұрақтарға әкімдіктен жауап болмады.

Фото: Kazinform.

- Бұл сұрақтарға жауап беру үшін облыстық экология департаментінен қорытынды қажет, - дейді Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 

Фото: Аягөз Ізбасарова / Kazinform.

ТАҚЫРЫПҚА ОЙ ҚОСЫП, ПІКІРІҢІЗБЕН БӨЛІСУ ҮШІН TELEGRAM КАНАЛЫМЫЗ БАР!

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента