Үкімет: коммуналдық апаттар үшін министрге ескерту, комитет төрағасына сөгіс берілді

1295 просмотров
0
Ратель
Понедельник, 15 Мая 2023, 12:00

Желілер мен станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын жедел бастау маңызды

Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын кешенді жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметке сілтеме жасап.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай телеарнасына берген сұхбатында не айтты

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров президент тапсырмасы бойынша әзірленген "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын енгізу арқылы республика бойынша электр, жылу, сумен жабдықтау және су тарту желілерінің тозуын орта есеппен 20%-ға төмендету жоспарланып отырғанын баяндады.

Бұл азаматтарға көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға және апаттық жағдайлар санын азайтуға мүмкіндік береді.

Ол үшін 145 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу қажет. Осыған байланысты биыл өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, ТКШ қызметтері тарифтерін кезең-кезеңмен өзгерту көзделіп отыр.

Нәтижесінде осы жылдың өзінде 5 мың шақырымнан астам инженерлік желілерді жөндеу және ТКШ саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыру жоспарлануда.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтардың коммуналдық қызметтерге шығындарын азайту үшін оларды мемлекет тарапынан көрсетілетін тұрғын үй көмегі аясында ішінара өтеу көзделген.

Өткен жылдың соңында өтемақы мөлшері мен оны алуға үміткерлердің қатарын ұлғайтуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Читайте также
Мемлекетке 760 млрд теңге қаражат қайтарылды

2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 17 мың отбасына 372 млн теңгеден астам тұрғын үй көмегі көрсетілді.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Дүниежүзілік банк және KPMG халықаралық компаниясымен бірлесіп, республиканың 56 жылу электр станциясына техникалық аудит жүргізілгенін баяндады.

Оның қорытындысы бойынша станциялардың техникалық жай-күйі мен негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштер рейтингі жасалды.

Осы айдың соңына қарай күрделі жөндеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын қамтитын кешенді есеп дайын болмақ.

Өңірлерде жүріп жатқан ТКШ инфрақұрылымын жөндеу жұмыстары туралы Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев баяндама жасады.

Премьер-министр мемлекет басшысы саладағы күрделі проблемаларды ескере отырып, елдің тіршілік көзіне қажетті барлық жүйені жаңғыртуға және күрделі жөндеуге бағытталған "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасын іске асыруды тапсырғанын айтып өтті.

"Ол үшін біз заңнамалық түзетулерді, нормативтік құқықтық актілерді қабылдадық. Бұған дейін табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалары мен тарифтерін түзете алмай келген едік. Енді оған мүмкіндік туып отыр", — деді Әлихан Смайылов.

Читайте также
"Қазақстан темір жолы" АҚ-ға қатысты тергеу жүріп жатыр

Оған қоса Үкімет басшысы коммуналдық кәсіпорындар тарифті түзету және жаңғырту процесін бастау үшін қажетті құжаттаманы баяу дайындап жатқанын атап өтті.

"Бұл процесті созбалаңға салуға болмайды. Желілер мен станцияларды күрделі жөндеу жұмыстарын жедел бастау маңызды. Бұл – кезек күттірмейтін міндет. Әсіресе, бұл – құрылыс маусымы қысқа және жылу беру кезеңі ерте басталатын солтүстік өңірлер үшін өзекті мәселе", — деді премьер-министр.

"Коммуналдық қызметтердің сапасына қатысты президенттің және халықтың тарапынан орынды сын естіп келеміз. Алдымыздағы жылыту маусымында өткен қыста орын алған төтенше жағдайларға жол бермеу керек. Сұраныс қатаң болмақ", — деді Әлихан Смайылов.

Қорытындылай келе, премьер-министр инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында коммуналдық кәсіпорындардың тарифті түзету бойынша берген өтінімдерін жедел енгізуді, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін маусым айының соңына дейін жылу желілеріне техникалық тексеру жүргізуді аяқтауды, сондай-ақ 2024 жылға жоспарланған құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы жыл соңына дейін әзірлеуді тапсырды.

Фото: primeminister.kz.

Оставьте комментарий

король бельгийцев:
- Казахстан находится на передовых позициях в цифровизации. Страна разработала уникальные решения, особенно в области искусственного интеллекта.
Почему квартира не продаётся: 10 ошибок продавца в 2026 году
Как подготовить объект к сделке и не потерять заинтересованного покупателя
Сокращение должности — не сокращение прав
Адвокат Асқат Сулубек о том, могут ли военнослужащего при сокращении должности заставить перейти на другую службу и отказаться от предусмотренных законом гарантий
Аваза-2026: Евразия учится считать не подписанные документы, а результаты
Цифровые коридоры, сеть СЭЗ и кибербезопасность вошли в число ключевых тем двух саммитов в Туркменистане
Скотч, камча и стигма: как страх перед психиатрией едва не стоил жизни молодой матери
Как отличить послеродовой психоз от депрессии и когда необходима срочная помощь – мнение специалиста
После погромов в Милане Италия ужесточает наказание за насилие на протестах
За участие в организованных беспорядках может грозить до пяти лет тюрьмы, отдельные меры предусмотрены для несовершеннолетних и их родителей
Медведи рядом с Алматы: где их можно встретить и насколько это опасно
Фотоловушки фиксируют хищников на лесных тропах, а специалисты изучают маршруты передвижения краснокнижных животных
Токаев и новая геометрия Казахстана: Берлин, средняя держава, Совбез и общественный контроль
Виталий Колточник - о внешней политике Казахстана, новом Совбезе и перестройке государства
«Мүсіндер» в Almaty Museum of Arts: как казахстанская скульптура рассказывает нашу историю
Скульптура – это то, обо что вы спотыкаетесь, когда отходите назад, чтобы рассмотреть картину
Совет Безопасности становится вторым стратегическим контуром Президента Токаева
Тандем Карин - Балаева в этой конфигурации один из центральных элементов новой политической архитектуры
Город будущего построят в Алатауском районе Алматы
Что увидели журналисты во время пресс-тура по району
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай