Үкіметте МАЭК пен АМӨЗ-дегі апат себептерін тексерудің алдын ала қорытындылары қаралды

864 просмотров
0
Ратель
Четверг, 13 Июл 2023, 12:15

Батыс өңірдің энергожүйесінің жай-күйіне жан-жақты талдау жасалып, АМӨЗ-ді электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі бөлек қаралды

ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВТЫҢ төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында (МАЭК) және Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) орын алған апаттардың себептерін тексеру жұмыстарының барысы қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы 6-9 шілде аралығында Маңғыстау және Атырау облыстарына барып, нәтижесінде 3 шілдеде орын алған оқиғалар тізбегі толығымен қалпына келтірілгенін баяндады. Сонымен қатар Батыс өңірдің энергожүйесінің жай-күйіне жан-жақты талдау жасалып, АМӨЗ-ді электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі бөлек қаралды.

Орын алған жағдай Батыс өңірдің энергожүйесіндегі теңгерімді болжау және жөндеу схемаларын жоспарлаудағы кемшіліктердің барын айғақтайды. ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағының электр желісін күшейту жобасын іске асыру созылып кеткен.

Читайте также
Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы су тапшылығын тез арада шешуді тапсырды

Атырау және Маңғыстау облыстарындағы өңірлік стансаларда, бірінші кезекте МАЭК-те апат қаупі жоғары екендігі анықталып отыр. Станса жабдықтарының әбден тозығы жеткен.

Сонымен қатар "Karabatan Utility Solutions" ЖШС-нің жаңа бу-газ жылу стансасының жұмысына қатысты сұрақтар туындауда. Атырау мұнай өңдеу зауытының сыртқы электрмен жабдықтау схемасында айтарлықтай ақаулар бар.

Орын алған апаттар шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Бұл ретте алдағы уақытта осындай жағдайларды болдырмау үшін бірқатар жүйелі проблемаларды шешу жоспары әзірленді. Ол МАЭК-ті жаңғырту мен күрделі жөндеуді, БЭЖ-дің Батыс аймағының электр желісін күшейтуді, АМӨЗ-де қуаттылығы жоғары жеке энергия көзін салуды, Батыс аймақты ҚР БЭЖ-бен байланыстыруды көздейді.

Премьер-министр орын алған апаттардың мән-жайын толық анықтау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруды және келешекте олардың алдын алу шараларын іске асыруды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

ФотоPrimeminister.kz.

Оставьте комментарий

- зампредседателя Комитета торговли МТИ РК
- В соответствии с действующим законодательством максимальная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары не должна превышать 15 процентов.
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
Виталий Колточник: Токаев и новая архитектура мира
Казахстан в Совете мира и логике Авраама
Максим Крамаренко: С помощью дипломатии БПЛА, Украина пытается «загнать» в стан своих союзников Казахстан
Комментарий руководителя ИАЦ «Институт евразийской политики»
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай
Терроризм в странах СНГ: как менялась угроза после распада СССР
От войн и «больших» захватов заложников к точечным атакам и транснациональным сетям
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд