Кофе мен тәтті тоқаш: мұнайшылар экономиканы қалай жандандырып жатыр

1170 просмотров
0
Ратель
Пятница, 30 Июн 2023, 10:30

PetroRetail компаниясы QazaqOil брендімен ЖҚС желісін жаңғыртуды жалғастыруда

“ҚазМұнайГаз” жанармай құю станциялары желісін сатып алғаннан кейін PetroRetail компаниясы бірден ребрендинг жасауға кірісті. Компанияның бас директоры Төлеміс ШОТАНОВ Forbes.kz сайтына берген сұхбатында нарықты қандай өзгерістер күтіп тұрғаны туралы айтты.

Читайте также
Qazaq Oil Абай облысында өрттен зардап шеккендерге 50 млн теңге бөлді

Компания жаңғырту жұмыстарын 2020 жылы бастады. Ол жанармай құю станцияларының көпшілігіне әсер етті. Ал жұмыстар толықтай 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Батыс Еуропа – Батыс Қытай тас жолында су жаңа алты жанармай құю станциясы салынды. Сонымен қатар, компанияның франчайзингтік бағдарламасы – DODO белсенді дамып келеді, ол бойынша 17 жанармай құю бекеті ашылды. Qazaq Oil брендімен бүгінде барлығы 240 станция жұмыс істейді.

- Біз үшін ең бастысы – көрсетілетін қызметтер мен өнімдеріміздің сапасын жақсарту, жаңа сервистер құру, цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу, тұтынушыларымызға ыңғайлы жағдай жасау өте маңызды. Біз Qazaq Oil нүктелері әрбір адамға әрқашан дәмді тағам, сапалы қызмет және көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын орын болғанын қалаймыз. Ал жанармай құю станцияларының санына келетін болсақ, барлығы нарықтағы жағдайға байланысты, - дейді Шотанов.

Бүгінгі таңда PetroRetail жаңғырту жұмыстарына 51,6 млрд теңге инвестициялады. Бұл ресурстар Қазақстан экономикасы үшін де тиімді жұмыс істейді. Яғни, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті өнімдерді, асфальтбетон жабындысын, көптеген керекті материалдың барлығын отандық тауар өндірушілер жеткізді.

Алайда, 2023 жылдың сәуір айында бензин мен дизель отынының бағасы соңғы рет көтерілгеннен кейін, қоғамда бағаның өсуіне негізінен түрткі болып отырғандар – жанар-жағармай құю станциялары деген пікір қалыптасқан.

- Шындығында, бұл олай емес. Зауыттың бастапқы сату құны айтарлықтай көтерілді. Бірақ, бұл біздің бағаға әсер еткен жоқ. Яғни, бағаның көтерілуі ресурс иелері тарапынан жанар-жағармай құю бекетіне дейін сату бағасының көтерілуімен негізделді, - дейді Шотанов. - Бүгінде мемлекет шекті бөлшек бағаны ғана емес, жанар-жағармай құю станцияларына жеткізу бағасын да белгілеп отыр. Көлік-логистикалық қызметтердің құны да жыл сайын өсіп келеді және маржаға айтарлықтай әсер етеді. Жанармай құю станцияларын ұстауға байланысты, коммуналдық шығындар, ағымдағы жөндеуге, қызметкерлердің жалақысы және т.б шығындар бар. Нәтижесінде мұнай өнімдерін сатудан түсетін ағымдағы табыстылық шамамен 6%-ды құрайды.

Читайте также
Qazaq Oil елордада Q-cafe брендімен үш дәмхана ашады

Оның айтуынша, табыстылық жағынан Қазақстанның жанар-жағармай нарығы көршілес елдерден едәуір төмен. Компания жүргізген зерттеуге сәйкес, Ресейде, Қырғызстанда, Өзбекстанда, Украинада маржа біздің елге қарағанда әлдеқайда жоғары.

Есесіне басқа салалардағы кәсіптен көбірек пайда табуға болады. Мәселен, QazaqOil жанармай құю бекеттерінде халық тұтынатын тауарлардың сату көлемі соңғы үш жылда 10 есе өскен.

- Біздің кофе өте жоғары сұранысқа ие, ең көп сатылатын өнім. Біз қазір өзімізде ұн өнімдерін пісіретін цех аштық. Әрине, одан түсетін табыс әлдеқайда жоғары болады. Сондықтан, компания кәсіптің осы түрін де жандандыру бағытында белсенді жұмыс істеуде. Яғни біз заманауи тәсілдерді, нарықта пайда болып жатқан жаңа тенденцияларды қолданып, жанармай құю желісін жаңғыртудың арқасында сатылымды айтарлықтай көбейте алдық. Нәтижесінде салық түсімдері де өсті.

Бүкіл әлем бойынша жанар-жағармай құю станциялары үшін тағы бір қиындық – нарықта электромобильдердің көбеюі. Мысалы, Еуропа елдері 2035 жылға қарай жанар-жағармаймен жүретін қозғалтқыштары бар автомобильдерді сатуға тыйым салуды жоспарлап отыр.

 - Біздің стратегиямыз қандай? Сұйық отынды тек жанармай құю бекеттерінде ғана сатып алуға болады, ал зарядтау жүйелері барлық жерде орнатылған. Демек, жанармай құю станцияларымен тығыз байланысы жоқ. Бір қарағанда, бұл біздің бизнесімізге қауіп төндіретін сияқты. Бірақ, бұл өзгерістерді дұрыс қабылдаған жөн. Қазақстанның ұлан-байтақ жерінде автожолдар мыңдаған шақырымға созылып жатыр. Сондықтан, алыс жолда электромобильдерді қуаттандыру бекеттерін орнату өзекті болады. Яғни, бұл тек жанармай сатумен ғана шектелмей, кәсіпті басқа бағытта дамытуға мүмкіндік, – деп түсіндірді компанияның бас директоры.

Бүгінде компания жанармай құю бекеттерінде Q-Cafe кофеханаларын белсенді түрде дамытып жатыр. Маусым айының басында Астананың орталық көшелерінде үш бірдей жаңа кофехананы іске қосты. Сондай-ақ, компания бұл кәсіпті бүкіл Қазақстан бойынша дамытуды жоспарлап отыр. Кофехана ашу өте қолжетімді бизнес болып табылады, сондықтан PetroRetail Q-Cafe кофеханаларының саны тез артады деп есептейді.

- Бұл біздің Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамытуға қосқан елеулі үлесіміз. Егер кофеханалардың саны артып, жүзге дейін жетіп жатса, бұл көптеген жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді, - деді компанияның бас директоры. - Qazaq Oil – бұл тренд. Бұл жай ғана жанармай құю бекетінің бренді емес, біздің тұтынушыларымыздың, экономикамыздың, шағын және орта бизнестегі оң өзгерістер бренді. Біз осы бренді қалыптастыру үшін барымызды салдық.

Фото: баспасөз қызметінің мұрағаты.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
ЦУР Алматы – победим бедность, болезни и станем равными
150 инициатив НПО по 26 задачам ЦУР на сумму 9,36 млрд тенге – каков результат?
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
Катастрофа Fokker-100 авиакомпании Bek Air: кто виноват, если пилоты – герои?
В алматинском суде прошли прения, сегодня состоится оглашение приговора
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В Казахстане снижаются инфляционные ожидания, а тенге укрепляется
Эксперты прогнозируют паузу в изменении базовой ставки
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента