Коронавирус: құр дүрлігуге емес, нақты дерекке сену керек

2360 просмотров
0
АЙНУР ТУНГЫШБАЕВА
Пятница, 27 Мар 2020, 12:40

Фейк чат, сайт, ботқа емес

Әрине, әлемді дүр сілкіндірген коронавирус дертінен сақтануымыз керек, алайда паника мен психозға жол берілмеуі тиіс. Олай дейтініміз, соңғы кездері сондай сипаттағы мәліметтер телефоннан телефонға көшіп жүр.

Читайте также
Қызылордада "Болашақ" жоқ

"Біреудің үйі өртеніп жатса, тексіз көршісі сирақ үйітіп жүр" демекші, осы індеттің тасасында хайп жинаушылар да табылып жатыр. Халыққа шын мәнінде жаны ашитын азаматтар нақты мәлімет пен ұғынықты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас ӘБІШЕВ "коронавирус2020 сайтына сену керек",- дейді. Бұл сөздің жаны бар. Бүгінде небір дереккөз көп. Бейресми мәлімет көбейіп кеткені рас. Чат, бот, сайт көп. Ал, "коронавриус2020 сайтындағы ақпарат Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арқылы жасақталады. Министрлік құрған телеграм ботта бүгінде 17 мың адам жазылған. Ондағы мәліметтің бәрі ғылыми түрде бекітілген. Коронаврирус белгісін анықтайтын онлайн анкета да бар. Сол арқылы кез келген азамат 3-4 сұраққа жауап берсе, әрі қарай әрекет алгоритмі жүргізіледі. Нәтиже жылдам: 2 секунд ішінде жауап келеді", -  деді вице-министр.

Халықаралық әуе бағыттары бойынша ұшып келіп жатқан азаматтардың тізімі планшет арқылы тіркелуде. Салалық министрлікке қарасты орталыққа ол дерек 3 сағат ішінде түсіп тұрады. Тізім жасақтаушы құзырлы сала өкілдерінің қолында 2465 планшет бар. Мұның бәрі қоғамдық денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, дертке күдікті деп танылған азаматтарға  барынша жылдам жәрдем көрсету  мақсатындағы шаралар. Вице-министр сондай-ақ, 11 елде жасақталған, тиімді деп танылған коронавирусты тоқтатуға мүмкіндік беретін электронды бақылау картасы енгізілгенін айтты. Электронды карта әр сағат сайын жаңарып тұрады. Ашып қарасаңыз, коронавирус тіркелген елдерден келген азаматтар мен олардың мекенжайы көрініп тұрады. Ал, дерт олардан расталмаған жағдайда  әлгі мәлімет автоматты түрде өшіріледі. Елдегі тасымал қатынасы туралы да ресми сайт бар. Онда да мәлімет сағат сайын жаңаланып тұрады. Блок посттар бойынша барлық дерек бар. Қай қалаға қандай көлікпен кіре алатыныңызға дейін көрсетілген.

Читайте также
Қызылордада белгілі кәсіпкер жоғалып кетті

Жағымды жаңалық: науқастардың жанында жүрген  11 мыңға жуық ақ халатты 90 күн бойы тегін ұялы байланыс, тегін интернетті пайдалана алады.  

"Фейк, қауесет таратушылардың мақсаты не?" деген сұраққа қатысты вице-министр былай деді:

- Өкінішке орай, соңғы кездері кей азаматтар ақпарат дереккөзін тексерместен бөлісуді әдетке айналдырған. Ал, кейбіреулер жауапкершілік туралы мүлдем ойламайды, «ақпараттық гигиенаны» сақтамайды.  Ақпараттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында телефоныңызға келіп түскен деректі әуелі сана фильтрінен өткізіп, тексеріп, ойланып барып, шешім қабылдау керек. Ел ішінде дүрбелең тудырмас үшін, жауапкершілікке тартылмас үшін, айналадағы ағайын арасында бетің айманжай болмас үшін.

Толығырақ мына сайттан таныса аласыздар: coronavirus2020.kz.

Председатель Национального банка РК
Инфляция во многом у нас складывается из-за того, что слишком много денег в экономике. Соответственно, когда спроса много, а предложений товаров мало, естественно, что растет инфляция либо количество зарубежных товаров.
Константин Сыроежкин: Китай не намерен жертвовать своими национальными интересами
Руководство КНР прекрасно осознает, что некоторые силы «загоняют страну в угол»
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Бигельды Габдуллин: «Мы все в одной лодке»
Президент ПЕН-клуба о деградации общества и страхе власти перед правдой
Дело о крушении Fokker-100 Bek Air: хозяин дома признал свою вину
Однако он подлежит освобождению от уголовной ответственности согласно сроку давности
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
Казахский язык спасут не деньги, а новая педагогическая философия
Почему миллиардные траты не повышают качество преподавания госязыка
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
Казахстан на переезде: мегаполисы растут, регионы пустеют
Миграция стала зеркалом экономических и социальных перемен
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
«Железная дорога в тупике»: как развивается казахстанская логистика
Эксперт о закрытии границ, дефиците вагонов и перспективах железнодорожных перевозок
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента