Әлихан Смайылов: Импортты алмастыру – бұл қазақстандық өндірушілер үшін бизнесті дамытуға үлкен мүмкіндік

1995 просмотров
0
Ратель
Пятница, 20 Мая 2022, 17:30

Бүгінгі таңда үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүзеге асыруда

ҚР премьер-министрі Әлихан СМАЙЫЛОВ бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ашылған қазақстандық өндірушілердің жыл сайын өтетін VI Ulttyq Ónim көрмесіне барып, құттықтау сөз сөйледі.

Читайте также
ЕАЭО елдері алкоголь мен темекі бойынша мөлшерлемелерін жақындатады

- Бүгінгі таңда үкімет кәсіпкерлікті қолдау шараларын жүзеге асыруда. Соңғы 5 жылда шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 27%-дан 35%-ға дейін ұлғайды, — деді премьер-министр көрменің ашылу салтанатында.

Сонымен қатар премьер-министр шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізуге мемлекет басшысы жариялаған мораторий елімізде бизнес жүргізудегі еркіндікті қамтамасыз етуде оң әсер еткенін атап өтті.

Өндірістің қайта өңдеу саласындағы импорттың өткен жылы $38 млрд болғанын ескерсек, кәсіпкерлер үшін келешегі зор бағыттардың бірі импортты алмастыру болып отыр.

- Бұл біздің отандық өндірушілерге өз ісін дамытуға және жаңа тауарлардың өндірісіне инвестициялар бағыттау үшін үлкен мүмкіндік береді. Бүгінде үкімет 717 инвестициялық жобаның пулын құрды, олардың 286-сы – 9,9 трлн теңге сомасына импортты алмастыратын жобалар, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы 2022 жылы жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 165 жобаны іске асыру жоспарланғанын атап өтті. Осындай әр жобаның айналасында шағын және орта бизнес компанияларының белдеуі дамитын болады.

Сондай-ақ бизнеске әкімшілік жүктемені төмендетуге мүмкіндік беретін Кәсіпкерлік саласындағы реттеушілік саясат жөніндегі заң қабылданды. Үкімет бизнес жүргізу және нарықтағы монополияларды жою үшін бәсекелестік аясын кеңейту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Отандық компаниялардың квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қол жеткізуді жеңілдету бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

Читайте также
Ұлттық банк BATYR BEINESI коллекциялық монеталарын айналымға шығарады

- Мемлекет басшысы атап өткендей, билік пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылы әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың негізін құрайды. Осы бағытта үкімет кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен ашықтығын арттыру бойынша жұмысты белсенді түрде жалғастыратын болады, — деді Әлихан Смайылов.

Ашылу рәсімі аяқталғаннан кейін премьер-министр көрме залында болып, отандық тауар өндірушілердің стендтерімен танысты.

Биыл Ulttyq Ónim көрмесіне “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры (“Бәйтерек” холдингінің еншілес ұйымы) арқылы мемлекеттік қолдау алған отандық микро, шағын және орта бизнестің 350-ден астам өкілі қатысады.

Сонымен қатар көрмеге келушілерге “Халық таңдауы” дегустациялық конкурсы, жетекші отандық өндірушілердің әйелдер және ерлер киімдерінің топтамаларының көрсетілімі ұйымдастырылады.

Көрме аясында кәсіпкерлерге Франчайзингтік компаниялардың форумы, іскерлік келіссөздер мен әртүрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылады, онда белгілі кәсіпкерлер білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі.

Регистрация для комментариев:



Вам отправлен СМС код для подтверждения регистрации.




Чемпионка Итогового турнира WTA-2025
Я горжусь представлять Казахстан и дарить вам эмоции и победы. Особенно радуюсь, когда вижу, что всё больше ребят берут в руки ракетки. Если моя игра вдохновляет вас мечтать, трудиться и верить в себя это моя самая большая победа.
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
ЕАЭС в поисках новой динамики
Десять лет ЕАЭС: работающие механизмы и нерешенные вопросы
Предложить США ничего не могут, а для России и Китая ставки слишком высоки
Экспертная оценка встречи Дональда Трампа с Си Цзиньпином в Южной Корее
Как Кайрат Нуртас провел 10 лет между двумя концертами на стадионе
От вступления в партию «Нур Отан» до свадьбы на Мальдивах и пятнадцати суток ареста
Станет ли озеро Балхаш зоной туризма?
В Карагандинской области создают туристическую индустриальную зону
На какие уступки может пойти Киев: интервью с экспертом Максимом Крамаренко
Аналитик о скандале вокруг нового мирного плана, реакции Киева и вероятных сценариях для Украины
Кто изгнал стаи ворон из Алматы?
Живописный Казахстан: взгляд Андрея Михайлова
Новый статус Алматы: кому дали бата на площади Абая?
Что поможет самому большому городу Казахстана сформировать свой уникальный туристский бренд
От запрета фонограмм до аттестации школ
Почему гуманитарная реформа рискует остаться на бумаге
КНР в Центральной Азии: инвестиции или долги?
Китай предлагает региону новую модель экономики
В этом году в Казахстане собрано пшеницы на 500 тыс. тонн больше уровня предыдущего года
О чём говорит ноябрьский отчёт USDA
Роберт Зиганшин: «У каждого маньяка – своя мелодия»
Автор музыки к нашумевшему сериалу «5:32» о кино, деньгах и вдохновении
Три больших трека в сотрудничестве Казахстана и США
Для казахстанской стороны критически важно, чтобы санкции не были барьером
Когда правительство возьмётся за яйца
Прагматично-патриотическое молодёжное движение издало "Ежедневник строителя Второй Республики" с цитатами президента