Әліппе латын графикасымен шығарыла ма – министр жауап берді

2295 просмотров
0
Ратель
Вторник, 12 Апр 2022, 17:30

Министрдің айтуынша, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Әліппе" оқулығын латын графикасымен шығаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрдің айтуынша, латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Соңғы нұсқасы әлі қабылданған жоқ.

Читайте также
Қазақстан Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдауды жандандыруда

"Латын графикасы бойынша әлі зерттеу жүріп жатыр. Оны алдын ала осылай болады деп айту ерте. Зерттеулер аяқталғаннан кейін осы мәселе туралы нақты айтатын боламыз, халыққа жариялаймыз және талқылауға саламыз. Сосын тиісті шешім қабылдаймыз. Бұл ғылым ғой. Біз олар қандай нәтижеге келетінін айта алмаймыз", - деді Аймағамбетов.

Министр латын графикасының соңғы нұсқасын қабылдап алу қажет екенін жеткізді.

"Ең бірінші қабылдап алу керек қой. Одан кейін (Әліппеге қатысты сұраққа - Sputnik) жауап беруге болады", - деп атап көрсетті Аймағамбетов.

Айта кетері, білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова "Әліппенің" латын графикасын негізінде шығарылатыны туралы айтқан.

Ал 2021 жылдың басында латын әліпбиінің жаңа жобасы таныстырылған болатын.

Жетілдірілген әліпбиде әріп саны – 31, әліпби тек латын әліпбиі базалық жүйесі таңбаларынан құралған.

Бұл әліпбиде қазақ тілінің 28 дыбысы толық қамтылған. Қазіргі ә(ä), ө(ö), ү(ü), ұ(ū) және ғ(ğ), ш(ş) қазақ әріптері диакритикалық таңбалармен берілген. Әліпбиде халықаралық тәжірибеде қолданыста бар умляут ( ̈ ), макрон ( ˉ ), седиль ( ̧), бревис ( ̌ ) диакритикалық таңбалары қолданылған.

Мамандардың сөзіне қарағанда, әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан "бір дыбыс – бір әріп" принципіне толық сәйкес келеді. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отыр.

Қазіргі кезде тіл саясаты білім және ғылым министрлігіне берілген.

Бұған дейін осы мәселемен, соның ішінде латын графикасымен мәдениет және спорт министрлігі айналысқан.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Итоги недели в Казахстане: дело дольщиков, рейды МВД, громкий приговор и победы боксёров
Главные новости Казахстана и мира выпуске
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Выставки Билла Виолы ищут на картах мира. Теперь нужно искать Алматы
Его работы заставляют зрителя остановиться
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай