Ұлттық банк 8%-пен кредит беретін бағдарлама туралы айтты

2093 просмотров
0
Ратель
Четверг, 03 Сен 2020, 13:40

Қарыз кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі, жылдық сыйақы мөлшерлемесі – 8 процент

Дағдарыстан зардап шеккен шағын және орта бизнесті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады. Ал қаржыландыру көлемі 800 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық банкке сілтеме жасап.

Читайте также
Бизнес үшін салық пен төлем саны барынша азайтылады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында қиын жағдайға тап болған шағын және орта бизнеске мемлекеттен қосымша көмек көрсетуді тапсырған болатын.

"Жолдауда айтылған тапсырманы ескере отырып, бұл бағдарлама 2021 жылдың соңына дейін ұзартылады, оны қаржыландыру көлемі 800 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылады", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары Есжан Біртанов.

Пандемиядан зардап шеккен секторларды үкімет "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп айқындайды.

Қарыз кәсіпорындарға айналым қаражатын толықтыруға беріледі. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі –  8%.

Бағдарлама іске қосылғаннан бері 536 миллиард теңгеге 2 207 өтінім қабылданды. ШОБ-тың 1 279 субъектісі 341,4 миллиард теңгеге қаржыландырылды.

Айта кетсек, президенттің дағдарысқа қарсы бастамалары аясында биыл наурыздан бері шағын және орта бизнесті қолдау үшін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаны қаржыландырудың жалпы сомасы 600 миллиард теңге деп бекітілген еді.

Ұлттық банктің мәліметінше, бағдарлама төтенше жағдайды енгізу салдарынан қаржылық жай-күйі нашарлаған ШОБ субъектілерін қолдауға бағытталған.

Қаржылық жағдайдың нашарлауына тауар/қызметті сатудың төмендеуі, сатып алушылардың төлемді кешіктіруі, қызметкерлер санының қысқаруы себеп болды.

Қарыз алғысы келетін кәсіпкер банкке қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды ұсынады.

Фото: inform.kz.

Оставьте комментарий

Депутата Мажилиса
- Новые нормы Закона должны дать должникам больше возможностей для переговоров с кредиторами и заключения соглашений о погашении задолженности.
Bek Air не будет обжаловать решение суда по иску родственника погибшей в авиакатастрофе
Но в Bek Air предупреждают: продажа самолетов для выплат потерпевшим может упереться в санкционные ограничения США и Евросоюза
Несуществующие квартиры продавали под видом участия в программе реновации Алматы
Прокуратура возобновила досудебное расследование о долевом строительстве в отношении Садыковой
Дубай после бума: стоит ли казахстанцам инвестировать в ОАЭ в 2026 году
Главное преимущество недвижимости – наличие реального актива
Как настоящее ремесло может вернуть себе рынок?
Новый Евразийский совет открывает глобальные площадки для настоящих мастеров
Мир живет сразу в нескольких кризисах
Курултай, дело Борейко, амнистия и аферы на миллиарды: главные новости недели
Политические реформы, громкие суды и аферы на миллиарды — главные новости недели
Бездомные животные: закон есть, системы – нет
Почему ставка на массовое уничтожение не снижает ни численность, ни риски, и что на самом деле не сработало в действующей модели
Криптоплатеж при Президенте
Казахстан в ДТП каждый год теряет небольшой город
Главный редактор журнала «За рулём» комментирует ДТП на Аль-Фараби
В чьих интересах бомбили КТК?
Атаки беспилотников на Каспийский трубопроводный консорциум ударили по экономике Казахстана
От доступа к медицинской помощи до лекарственного обеспечения
Как системное игнорирование процедур публичного обсуждения меняет баланс законности в регулировании здравоохранения Казахстана
Национальный курултай и перезапуск политической жизни
Переход к однопалатному Парламенту и его переименование в Құрылтай